Әлеумет

10 ЖЫЛДЫҚ СЕНІМДІ ДАМУ

Жақында жылжымайтын мүлікке кредит беру нарығының ірі қатысушысы – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 10 жылдығын атап өтеді. Өзінің алғашқы мерейтойы қарсаңында банктің  клиенттерге дайындаған тосынсыйлары да жоқ емес. Осы және басқа да көптеген жайттар туралы біздің тілшімізге Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Басқарма Төрайымының орынбасары Талғат БАИЛОВ әңгімелеп берді.

Талғат Абдуллаұлы, осынау маңызды күн қарсаңында банкте алғашқы онжылдық қорытындыларын жүргізіп жатқан боларсыздар. Айтыңызшы, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі бүгінде қандай табыстарға қол жеткізді?

– Әрине, 10 жыл ішінде аз жұмыс жасалған жоқ. Өзіңіз саралап көріңіз, банк жұмыс істеген бірінші жылы біз халықпен тек 401 тұрғын үй құрылыс жинақ шартын ғана жасаған болсақ, он жыл ішінде олардың саны мың есеге артты! 2003 жылдан бастап банкте 425 мыңнан астам тұрғын үй құрылыс жинақ шарттары ашылды. Осы уақыт ішінде халыққа 50 мыңнан астам заем берілді. Халыққа өзінің меншікті банктік өнімдерін берумен қатар, банк тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік және салалық бағдарламаларының операторы да болып табылады. Ең алдымен бұл 2008-2010 жылдарға арналған бағдарлама болды. Қазіргі уақытта біз күннен күнге қарқын алып келе жатқан «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасының екі бағыты бойынша жұмыс істеп жатырмыз.

Сондай-ақ, 10 жыл ішінде филиалдық желіні кеңейту бойынша үлкен жұмыстар жүргізілді. Бүгінде еліміздің барлық облыс орталықтарында банктің 17 филиалы жұмыс істейді. Ендігі жерде біз тек облыс орталықтарында ғана емес, сонымен қатар аудандар мен өңірлерде де қызмет көрсету орталықтарын ашуға күш жұмылдырудамыз. Қазіргі таңда 11 қызмет көрсету орталығы жұмыс істеу үстінде, биылғы жылы: Жаңаөзенде (Маңғыстау обл.), Теміртауда (Қарағанды обл.), Ақсайда (Батыс Қазақстан обл.) және Шымкентте тағы 5 қызмет көрсету орталығын ашамыз. 2016 жылға дейін 29 қызмет көрсету орталығын ашу жоспарымызда бар. Жалпы алғанда, банк халыққа жақын болу үшін бар мүмкіндікті жасайды.

Ал банк жұмысының қаржылық көрсеткіштеріне қатысты не айтасыз?

– Сіздерді сандармен шаршатпай-ақ қояйын. Тек өткен жылы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жақсы қаржылық көрсеткіштерге қол жеткізгенін атап айтқым келеді. Біз өз активтерімізді арттырдық, жақсы таза пайдаға жеттік. Банктің несиелік қоржыны да сапалы. Проблемалы кредиттер үлесі 2 пайыздан аспайды – бұл кредит берудің консервативтік жағдайларына және заем беру бойынша біздің мамандардың жұмыс істеу сапасына байланысты. Банк рейтингілері де тұрақты және елдегі үздік рейтингілердің бірі болып табылады.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі — бұл белгілі бір бағыттағы банк, өз саласындағы жалғыз қаржы институты, оның миссиясы – Қазақстан халқының тұрғын үй жағдайларын жақсарту. Азаматтар тұрғын үйді жөндеу, жаңарту, салу және сатып алуға,  ипотекалық кредиттерді қайта қаржыландыруға, сондай-ақ жер телімін сатып алуға қатысты барлық мәселелер бойынша бізге өтініш жасай алады.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің өнімдері жұртшылық арасында кеңінен танымал. Сіздердің филиалдарыңыз бен бөлімшелеріңізде кезек күтушілер санының артуы да осының дәлелі болса керек. Сіздер бұл мәселені қалай шешіп отырсыздар?

– Былтырғы жылдан бастап біз өзіміздің дербес қызмет көрсететін төлем терминалдарын сатып алу және орнату жұмыстарын жүргіздік. Клиент енді кассаға бармай-ақ, кезексіз, терминалдардың көмегімен депозитке ақша салу немесе  кредитті өтеу мүмкіндігіне ие болды. Олардың артықшылығы — қарапайым интерфейс және екі тілдегі жұмыс істеу мәзірі. Кез келген адам бұл қызметті пайдалану арқылы оның қарапайымдылығы мен ыңғайлылығына көз жеткізе алады. Сонымен қатар, терминал арқылы төлем жасағанда банк комиссия алмайды.

Өткен жылы біз 35 терминал сатып алдық, олар банктің барлық 17 филиалына орнатылды. Терминалдар 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап  жұмыс істеп тұр. Биылғы жылы біз қосымша 19 терминалдан құралған терминалдардың жаңа партиясын сатып алмақшымыз, олар өңірлерде орнатылатын болады.

Клиенттер бұл жақсы жаңалыққа оң баға беріп үлгерген шығар?

Өзіңіз байқап қараңыз: тек терминалдар арқылы ғана ай сайын шамамен 1 млрд. теңге өтеді. Клиенттер дербес қызмет көрсету автоматтарын қуана-қуана пайдаланады.

Айтпақшы, біздің клиенттерге қолайлы болу үшін біз Халық Банкпен және Қазкоммерцбанкпен келісімге қол қойдық, ендігі жерде олардың Интернет-банкингі мен банкоматтарының ауқымды желісі арқылы біздің клиенттеріміз депозитке ақша салу немесе заемды өтеу мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ  бізде БТА Банктің терминалдық желісі, Еуразиялық банктің филиалдары мен Қазпошта бөлімшелері арқылы  төлем жүргізу бойынша келісімдерге қол қойылды.

– Талғат Абдуллаұлы, айтыңызшы, қазақстандықтар банктен «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы бойынша  кредитті қалай ала алады?

– Банк аталған бағдарламаның екі бағыты бойынша жұмыс істейді – халықтың барлық санаттарына арналған және жас отбасыларға арналған тұрғын үй. Бірінші бағыт бойынша жұмыс істеу тетігі мынадай. Жергілікті атқару органдары құрылыс салушыны таңдап алады және үйлерді салады. Банк біздің салымшылардың ішінен тұрғын үй сатып алушылар пулын құрастырады. Бір айта кететіні, кредит алу үшін өз төлем қабілетін растай алмаған азаматтар 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап тұрғын үйді кейіннен сатып алумен жалға ала алады. Кредит алудың мұндай жолы әлдеқайда жеңіл екендігі түсінікті, себебі тұрғын үйдің 1 шаршы метрі үшін жалдау ақысы 100 теңгеден аспауы тиіс және бұл барлық өңірлерде бірдей баға. Жалдаушылар тек коммуналдық қызметтерге ақы төлейді. Жалға алудың ең жоғары мерзімі — 8 жыл. Бұл уақыт ішінде салымшылар бізде депозит ашады және кредитке ақша жинақтай алады. Егер қажетті соманы ертерек жинақтай алса, банк кредитті мерзімінен бұрын беруі мүмкін. Міне, сол кезде жалға алушы өзінің жалдамалы тұрғын үйін сатып ала алады.

Жас отбасыларға арналған тұрғын үйге келсек, Бағдарламада олар үшін тұрғын үйді кейіннен сатып алумен жалға алу мәселесі көзделген, жалға алудың ең жоғары мерзімі 8 жылды құрайды. Әкімдіктердің уәкілетті органы жас отбасылардың тізімін құрастырады. Содан кейін жалға алуы үшін біз олардың төлем қабілетін тексереміз. Содан кейін барып жастар Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде салым ашады және тұрғын үйді әрі қарай сатып алу үшін өз қаражаттарын жинақтай бастайды, ал банк  тұрғын үйді сатып алуға заем береді. Жас отбасылар үшін жалға алу төлемі 0 теңгені құрайтынын атап айту қажет, олар өздері пайдаланатын коммуналдық қызметтерге ғана ақы төлейді. Бұл бағыт бойынша тұрғын үй объектілерінің құрылысы басталып та кетті.

– Біздің редакцияға Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен бюджеттік қаражаттарды пайдалана отырып кредит алу мүмкіндігі туралы көптеген сауалдар келіп түседі. Естуімізше, олар бойынша мөлшерлемелер төмен екен. Шынында солай ма?

– Иә. Ол үшін заемшы, біріншіден, өзі бағдарламаға қатысуға өтініш берген елді мекенде кем дегенде екі жыл тіркеуде тұруы керек. Екіншіден,  меншік құқығында оның мүлде тұрғын үйі болмауы керек немесе ол тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мұқтаж болуы қажет (егер отбасының әрбір мүшесіне шаққанда тұрғын үйдің ауданы 15 шаршы метрден кем келсе). Үшіншіден, заемшы ҚР азаматы болуы керек немесе оның оралман мәртебесі болуы қажет. Мұндай жағдайда, алдын ала заемдар бойынша мөлшерлемелер әдеттегіден төмен болады. Алдын ала тұрғын үй заемдары бойынша арнайы сыйақы мөлшерлемелері жылдық 8%-ды құрайды (тиімді мөлшерлеме жылдық 8,3% бастап), аралық тұрғын үй заемдары бойынша жылдық 6,5% – 7% деңгейінде (тиімді мөлшерлеме жылдық 7,2% бастап). Банк бөлімшелерінде кеңес алған кезде бұл мәселелер бойынша халық менеджерлерден толық ақпарат ала алады.

Талғат Абдуллаұлы, банк өзінің 10 жылдығы қарсаңында клиенттерді қуантуды да ойластырған шығар?

– Әрине! Мерейтойға байланысты 2013 жылғы 1-31 шілде аралығында өз клиенттерімізге банктің барлық комиссияларына 10 пайыз жеңілдік ұсынамыз.

Валерий ШМАКОВ

Қосымша ақпараттарды «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның аймақтық филиалынан ала аласыздар. Мекен-жайы: Астана қаласы, Сығанақ көшесі, 29 үй, ВП-3, тел.: 51-70-46, 51-70-47, Московская көшесі, 29 үй, тел.: 31-41-74, 31-41-20, Абай даңғылы, №8 үй, тел.: 40-72-76, 40-72-77, Қажымұқан көшесі, №12 „А„ үй, тел.: 36-19-07, 36-19-20 немесе www.hcsbk.kz сайтында

Call-centre: 8-800-080-1880 (қоңырау шалу тегін)

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button