Елорда тынысы

100-ден астам волонтер елорда маңын жинады

Бүгін Астана маңындағы Өндіріс тұрғын үй алабында «Сәтті сәрсенбі» атты экологиялық акция ұйымдастырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

«Бүгінгі акция Астана қаласы жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен өтіп отыр. «Жасыл ел» белсенділері негізінен көгалдандыру жұмыстарымен айналысады, бүгін қала сыртына қоқыс-қалдықтарды жинауға шықтық. Акцияға 100-ден астам волонтер қатысып отыр», – деді «Жасыл ел» жобасы жетекшісінің орынбасары Асылбек Абдураитов елордада өткен экологиялық акция барысында.

Астаналық жастар Өндіріс тұрғын үй алабында 10 гектар жердің қоқысын жинап шықты.

«Қаладағы 5 ауданның әкімдігімен бірлесіп жұмыс істейміз, олар қай жерлерді жинау керектігін айтып отырады», – дейді ол.

Сондай-ақ «Жасыл ел» жобасының өкілі экологиялық акцияның жалғасатынын айтты.

«Жасым 14-те, №54 мектептің оқушысымын. «Жасыл ел» жобасы туралы анам айтты, мен жұмыс істеймін деп шештім. Бүгін алғаш қаланың сыртына қоқыс жинауға шықтық. Бұл жерде кірпіш сынықтары, бос бөтелкелер мен жануарлардың сүйектері көп екен», – дейді акция қатысушысы Әлихан Асылхан.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button