Қала мен Сала

100 науқастың жарақатын емдеді

Елордадағы №1 көпсалалы қалалық аурухананың дәрігерлері түрлі жарақаттар мен сырқаттардан кейін реконструкциялық ота жасауды қажет еткен 100-ден аса науқастың өмір сүру жағдайын қалпына келтірді. Бұл туралы деп «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Астана филиалына сілтеме жасай отырып Elorda.info сайты хабарлады.

Науқастарға бұл күрделі де қымбат оталар – жоғары мамандандырылған реконструкциялық көмек МӘМС жүйесі бойынша тегін жасалады. Реконструкциялық пластикалық хирургия жай ғана пластикалық хирургия емес. Хирургияның бұл саласы жарақаттардың, күйіктердің, туа біткен және жүре пайда болған ақаулардың салдарын қалпына келтірумен айналысады. Реконструкциялық хирургияның мақсаты – ең алдымен дене мүшелерінің қызметін, сондай-ақ эстетикалық көрінісін қалпына келтіру.

«Реконструкциялық хирургиядағы әрбір дерлік жағдай жан-жақты дайындықты және ұзақ уақыт қалпына келтіруді қажет етеді. Біздің пациенттеріміздің жағдайында көбіне хирургиялық араласудың бірнеше сатысын қажет етеді. Ең бастысы, бұл оталарды пациенттерге тегін МӘМС аясында жасауға мүмкіндігіміз бар, әйтпесе, ойлап қараңыз, тек бір науқасқа сапалы өмір салтына оралу үшін шамамен 8-9 қымбат ота қажет болуы мүмкін» дейді Астана қаласындағы №1 көпсалалы қалалық аурухананың жоғары санатты пластикалық хирургі Нұрлыбек Бекбауов.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button