Елорда тынысы

100 зейнеткер өнер көрсетті

Елордада өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» өнерпаз зейнеткерлері этноауылда концерт қойды.

Көшпенділер ойынының қонақтары мен көрермендеріне арналған концертте зейнеткерлерден құралған «Асыл мұра» домбырашылар ансамблі мен сәнқой әжелерден құралған «Kerbez_models» тобы өнер көрсетті.

Сонымен қатар концерттік іс-шарада 50-ге жуық спортшы ата-әжелер «Айкүне» қазақ гимнастикасын көрермен назарына ұсынды.

Одан бөлек, этноауылда қолөнерші әжелердің өз қолымен жасаған бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылған.

Этноауылдың қонақтары мен шетелдік туристер астаналық әжелердің өнеріне тәнті болып, қошемет білдіруде.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button