ЖаңалықтарҚала мен СалаҚала тіршілігі

1000 абонент газға қосылды

Жеке тұрғын үйлерді газға қосу жұмыстары басталғалы елордада 1000 абонент «көгілдір отынға» қосылған. Қазір «Көктал-1», «Көктал-2», «Теміржолшылар», «Агроқалашық» (бір бөлігі), «Промышленный» және «Оңтүстік-Шығыс» тұрғын алаптарында тұратын 9 мыңға жуық абонент газға қосылуға мүмкіндік алды.

[smartslider3 slider=738]

Қараша айында «Оңтүстік-Шығыс» және «Агроқалашық» тұрғын алаптарының қалған бөліктері газбен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамы «Күйгенжар», «Мичурин», «Интернациональный» елді мекендерінде газбен жабдықтау желілерін тартып жатыр. Бұл жұмыстардың нәтижесінде тағы 5 мың абонент «көгілдір отынға» қол жеткізе алады.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button