Елорда тынысы

1000 педагог даярланады

Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық кеңесі отырысында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2022-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту мәселесі талқыланды. Елордадағы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыевтың айтуынша, 2018 жылдан бастап кадр тапшылығын жою үшін мемлекеттік грант бөлініп келеді. Оның ішінде, мамандар педагогикалық және медициналық, сондай-ақ гуманитарлық бағыт (исламтану, дінтану, теология) бойынша даярланды.

[smartslider3 slider=3302]

 

– 2022-2026 оқу жылына елорда әкімдігі 1310 білім грантын бөледі. Білім басқармасынан 1000 педагог даярлауға өтінім түсті. Бүгінгі таңда елордада үш ауысымда оқытатын 4 және тығыз орналасқан 15 мектеп бар. Бес жыл бұрын қалада жалпы саны 130 мыңнан астам оқушысы бар 84 мемлекеттік және 11 жекеменшік мектеп болды. Қазіргі уақытта 99 мемлекеттік және 43 жекеменшік мектеп салынды. Онда барлығы 215 мыңнан астам оқушы оқып жатыр. Биыл 23 мың орындық мектеп салу жоспарланып отыр. Жаңа мектептердің салынатынын ескерсек, 2025 жылға дейін 8160 педагог қажет болады, – деп атап өтті спикер.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша орыс тілінде оқытатын 2720 бастауыш сынып мұғалімі, орыс тілі мен әдебиеті бойынша – 680, математика – 1020, ағылшын тілі – 1460, орыс тілінде оқытатын химия және биология пәндеріне 340 және арнайы білімі бар мектепке дейінгі мекемелерге 1156 тәрбиеші керек.

– Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан 240 медицина қызметкері қажеттілігі туралы өтінім түсті. Соған сәйкес, отбасылық медицина саласына – 78 , педиатрияға – 14, ересектер мен балалардың акушер-гинекологтарына – 17, анестезиологтар мен реаниматологтар бойынша 17 маман қажет. Дене шынықтыру және спорт басқармасынан 50, исламтану, теология, дінтану мамандарынан 15 орынға өтінім бар, – деді Қасымхан Сенғазыев.

Қоғамдық кеңес мүшелерінің ұсынысы бірауыздан қолдау тапты.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button