НАҚ-НАҚ
Эфирде – «EXPO-2017»
«Kazakh TV» арнасынан «EXPO-2017» жаңа жобасы көрсетіледі. Ауқымды көрмеге елдің қалай дайындалып жатқанын көрсететін соңғы жаңалықтар, сарапшылардың пікірлері мен қызықты фактілерді әр бейсенбі күні тамашалай аласыздар.
Жастарға кеңес береді
Астана түбіндегі «Интернациональный» кентінде алғашқы «Жастар кеңес орталығы» ашылды. Орталық бірнеше бағытта жұмыс істейді. Атап айтқанда, келушілер жұмысқа орналастыру, тұрғын үй жағдайларын жақсарту, психологиялық және заң кеңестерін беру және мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру мәселелері бойынша кеңес ала алады
Жол қозғалысы шектеледі
Елордадағы Сарыарқа көпірі және соның астындағы көлік қозғалысы жөндеу жұмыстарына байланысты 10 қыркүйекке дейін шектеледі. Астана қаласының Жол полициясы басқармасы жүргізушілерден жолдарда кептеліс тудырмас үшін жүрер бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды. Автокөлік иелеріне ақпарат беру үшін жолдарға қажетті ескерту және тыйым салу белгілері қойылады.
Контрафактілі өнімдер тәркіленді
Астаналық полиция қызметкерлері «Контрафакт» жедел-алдын алу іс-шарасының барысында бір тәулік ішінде 5 мыңға жуық контрафактілі диск тәркіледі. Рейд кезінде аудио және бейнеөнімдерді сату орындары, компьютерлік клубтар мен компьютерлік техника сататын фирмалар тексерілді.
Сансөйлем
Биылғы жеті айда Астанада осынша пәтер пайдалануға берілді
Кеше…
«Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешені Ата Заң күніне орай ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Қойшығара Салғарамен кездесу ұйымдастырды.
Бүгін…
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мұражайында «Астана – арман қала» көрмесі жалғасады.
Ертең…
Қазіргі заманғы өнер мұражайында «Қазақстанның тұңғыш суретші-әйелдері» көрмесі өтеді.
Еркежан СӘТІМБЕК