ЖаңалықтарҚала мен СалаҚала тіршілігі

МИБ-тің мүмкіндігі мол

Тұрғын үй кешенін басқарудың жаңа жүйесінің енгізілуі нәтижесінде тұрғындар жылыту маусымы кезінде жылуға жұмсалатын қаржыны 1,5 есеге дейін үнемдеу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен бірге тозығы жеткен лифтілерді жаңасына ауыстыру, пәтер ішіндегі жөндеу жұмыстарының шығынын азайтуға да қол жеткізеді.

[smartslider3 slider=156]

Ол үшін тұрғындар пәтер иелері кооперативінің орнына мүлік иелері бірлестігін құрып, оған есеп-қисаптан, коммуналдық саладан, заңнан хабары бар адамды төраға етіп сайлауы керек.
Қазіргі таңда қалада қазына қаржысы есебінен кеңес дәуірінде салынған үйлерде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Мұндай үйлерде көбіне азаматтардың әлеуметтік осал санатына жататын тұрғындар тұрады.
Негізінен, елордада күрделі жөндеу жүргізу қажет болған жағдайда азаматтардың белгілі бір санаттары үшін «тұрғын үй көмегі» қызметін көрсету бойынша өтінім бере алады. Ортақ мүлікті күтіп-ұстауға, оның ішінде жүргізілген күрделі жөндеуге арналған шығын ішін­ара мемлекет есебінен жабылуы мүмкін. Ал шығынның қалған бөлігін жасалған келісімшартқа сай тұрғындар 8 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімде ай са­йынғы төлем арқылы ешқандай пайызсыз негізде қайтарады.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button