ЖаңалықтарМәдениетРуханият

Бауырлас елде басылды

 
Баку қаласында әзербайжан тілінде белгілі жазушы-драматург Роллан Сейсенбаевтың «Әлем күйреген күн» кітабы жарық көрді. Онда қаламгердің әңгімелері мен хикаяттары топтастырылған.

[smartslider3 slider=175]

Қазақстанның Әзербайжан республикасындағы елшісі Сержан Әбдікәрімовтің алғысөзімен ашылған жинақ Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Семей ядролық полигоны жабылуының 30 жылдығына орайлас шықты. Жинаққа енген «Әлем күйреген күн», «Намыс», «Қашқын», «Желтоқсан күндері» шығармалары мен «Оллжааааас!» атты эссені көрнекті әзербайжан жазушысы Нариман Абдулрахманлы өз ана тіліне айшықтап аударып шықты. Сөйтіп, бауырлас қос халық зиялыларының жарқын өкілдері − Роллан Сейсенбаев пен Нариман Абдулрахманлы арасындағы көпжылдық қарым-қатынас пен достықтың арқасында осынау бағалы кітап оқырманға жол тартты. 11 қазан күні мерейлі 75 жасқа толатын Роллан Сейсенбаев шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне тәржімаланып, Ресейдің, Ұлыбританияның, АҚШ-тың, Германияның, Италияның, Венгрияның, Польшаның, Жапония мен Кубаның аса ірі баспаларында жарық көрген. Бүгінде жалпы таралымы 9 миллионнан асты.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button