Қоғам

111 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмыспен қамтылды

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаевтың айтуынша, мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру жөніндегі шаралар шеңберінде мүгедектігі бар адамдарды, оның ішінде мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік ұйымдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау жүйесін одан әрі жетілдіру жалғасады.

«Ағымдағы жылдың 1 қаңтарында 111 мың адам немесе еңбекке қабілетті адамдардың 29%-ы (381 мың) жұмыспен қамтылған», – деді спикер.

Сонымен қатар, өңірлер бойынша жұмыспен қамту деңгейі 50%-ға жетпейді, 20%-дан 50%-ға дейін өзгеріп отырады. Осыған байланысты, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру және мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту бойынша жұмыс берушілерді ынталандыру үшін мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша квотаны орындамайтын жұмыс берушілердің бюджетке өтемақы төлеу тетігін енгізу көзделіп отыр.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button