Қала тіршілігі

Студенттік саябақ

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ аумағында  «Университет» атты саябақ ашылды.

Ақбұлақ өзенінің бойында орын тепкен саябақ құрылысы аталмыш жоғары оқу орны әкім­шілі­гінің, Алматы ауданының әкімдігі мен Астана қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бастамасымен көктемде қолға алынған болатын. Оның аумағында 5 оқу-лабораториялық және 4 әлеуметтік ғимарат, 28 ғылыми-зерттеу орталығы, инновациялық парк пен спорттық-сауықтыру кешендері орналасқан. «Осы тектес саябақтар дүниежүзіндегі көптеген университеттерде бар. Біз қазақстандық оқу орындары ішінде бұл идеяны алғаш болып жүзеге асырдық. Жасыл желекке оранған демалыс орны нағыз студенттер мекеніне айналады деп сенемін. Алдағы уақытта студенттер үшін бұл жерге wi-fi орнатылады» деп атап өтті өз сөзінде университет ректоры Ерлан Сыдықов. Саябақтың салтанатты ашылу рәсіміне куә болған жүзден астам студент «Университетте» ағаш отырғызып, оны көгалдандыруға өз үлестерін қосты.

Мәдина ЖАҚЫП

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button