Қоғам
114 мыңнан астам қыз бала Адам папиллома вирусы бойынша екпе алды
Елімізде 114 мыңнан астам қыз бала адам папиллома вирусына қарсы егілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
ҚР ДСМ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жұқпалы ауруларға қарсы тиімді вакциналар тізімін кеңейту стратегиясын қолдайды. 2024 жылы онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарға сәйкес қыздарды адам папиллома вирусына қарсы вакцинациялау енгізілді.
«2024 жылдың қыркүйегінен бастап 11 жастағы қыздарға АПВ вакцинациясы, сондай-ақ 12-13 жас аралығындағы қыздарға толықтыра иммундау жүргізілуде. Бүгінгі күні 114 мыңнан астам қыз бала егілді, оның ішінде 11 жастағы – 64 мыңнан астам, 12-13 жастағы – 50 мыңнан астам. Екпе алғандардың арасында иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністер тіркелмеген», – деді ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова.