#Жаңа Қазақстан

Бюрократиядан арылту қағидалары

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ­Кемелұлы Тоқаев мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту туралы арнайы Жарлыққа қол қойды. Президент бұл туралы Қазақстан халқына Жолдауында да тоқталып, «Бұл құжат мемлекеттік органдардағы ішкі рәсімдерді түбегейлі қайта қарап, заң шығару және бюджет үдерістерін оңтайландырудың бастауына айналады» деп нақты түсіндірген еді.

[smartslider3 slider=2792]

Жаңа Жарлыққа сәйкес, ресми органдарда шешімдердің қабылдануы жылдамдатылып, бірінші басшылардың дербестігі мен жеке жауапкершілігі артады. Құжат айналымы мен есеп беруді азайтады. Сонымен қатар жүктелген міндеттерді жедел жүзеге асыру кезінде мемлекеттік мекемелер нормативтік құқықтық актілерді қабылдай бермек. Ол үшін өз функцияларын заңнамалық деңгейде нақтылап жатпайды.

Айта кетерлік тағы бір жаңалық – бюджет үдеріс­терінің кезеңдері екі есе қысқаруы. Сонымен қатар ведомстволық есеп беру ісі де жүйеленіп, автоматтандырылмақ. Демек, бұл Жарлық мемлекеттік қызметшілерді қажетсіз рәсімдер мен үдерістерден босатады. Бұл – біз көздеп отырған «ашық, әділ, естуші мемлекет» қағидатына жетуге бастайтын бірден-бір қадам.

Мемлекет басшысы бекіткен Жарлыққа сәйкес, бюрократиядан арылтудың бірнеше маңызды қағидаттары айқындалды. Жоғарыда аталғандарға қоса, мемлекеттік органдардың азаматтармен, бизнеспен және бір-бірімен цифрлық форматта жан-жақты өзара іс-қимыл жасауының басымдығына мән берілмек. Мемлекеттік аппараттың бюрократияны қысқартуға, жүйелі реинжинирингке және ішкі рәсімдер мен процестерді оңтайландыруға ынталандыратын ұйымдастырушылық мәдениетін қалыптастыру және қолдау да приоритетті қадам.

Байқағанымыздай, Жарлықта жүйелі және қолданбалы шаралар кешені қарастырылған. Бұл шаралардың жүзеге асырылуы мемлекеттік аппараттың жедел, нәтижелі әрекет етуіне септеседі. Кешенді реинжиниринг негізінде ведомстволық есеп беру ісін жүйелеу және автоматтандырумен қоса, ақпараттық жүйелерде бар мәліметтерді мемлекеттік органдардың сұратуына тыйым салынады. Бұған қоса, қағаз түріндегі құжаттарға бұрыштама соғу және олардың парақтарына алдын ала қол қою жо­йылмақ. Қашықтан жұмыс істеу үшін мемлекеттік органдардың басшыларын құралдармен қамтамасыз етіп, жағдай жасау және басқа да мәселелер қарас­тырылатын болды. Бұл процестердің барлығы да өмірлік қажеттіліктен туындаған маңызды шешімдер.

Басымдық беретін тағы бір маңызды фактор – Жарлықта қамтылған шаралар түпкілікті нәтижеге әсер етпейді. Сайып келгенде, бұл қадамдар Мемлекет басшысының саяси және экономикалық реформаларын мемлекеттік аппарат­тың тиімді жүзеге асыруын қамтамасыз етеді.

Жарлықта көзделгендей, цифрландыру – бюрократиядан арылудың келесі қағидасы. Қағазсыз құжат айналымына көшу – өмірдің өзі туындатқан талаптың бірі, ол туралы айтылғанына да біраз жыл болды. Алайда осы уақытқа дейін құжаттар электронды форматта қалыптастырылғанмен, қағаз тасымалдағышта қайталанып келеді. Қазір цифрлық технологиялардың дамуы қарқынды. Сондықтан бұл қағидатты іске асыру үшін шаралардың тұтас бір блогы қарастырылған. Олардың ішінде – заң шығару аясында қағаз тасымалдаушылардан бас тарту

Цифрлық мемлекет – біз көздеген меженің бірі. Оның аясында жүргізілетін іс-шаралар нәтижесінде азаматтармен барынша аз қатынас жасау және олардан қандай да бір мәліметтерді сұратуды азайту көзделуде. Нәтижесінде мемлекеттік ­аппаратты бюрократиядан арылту азаматтар үшін сервис сапасын арттыруға алып келеді. Өйткені бұрынғы шарттар бойынша алдымен ережелер жасалып, содан кейін ғана процесс автоматтандырылатын. Қорытындысында азаматтар растайтын құжаттарды әкелуге мәжбүр болып, процесс бір мәселені шешу үшін әртүрлі өтініштер беруді немесе бизнесті бақылау рәсімдері объектіге барып, тексеру арқылы жүзеге асырылатын. Сондықтан, Жарлықта көзделгендей, цифрландыру – бюрократиядан арылудың келесі қағидасы. Қағазсыз құжат айналымына көшу – өмірдің өзі туындатқан талаптың бірі, ол туралы айтылғанына да біраз жыл болды. Алайда осы уақытқа дейін құжаттар электронды форматта қалыптастырылғанмен, қағаз тасымалдағышта қайталанып келеді. Қазір цифрлық технологиялардың дамуы қарқынды. Сондықтан бұл қағидатты іске асыру үшін шаралардың тұтас бір блогы қарастырылған. Олардың ішінде – заң шығару аясында қағаз тасымалдаушылардан бас тарту. Бұдан басқа, рәсімдік мәселелер жетілдіріліп, сәйкесінше, бұл қадам жекелеген процестерде формализмді айтарлықтай жояды. Тұтастай бұл қағидатты тиімді іске асыру аясында көзделген іс-шаралар қызметкерлердің жұмыс уақытын үнемдеп, кеңсе қағаздары, онымен байланысты өзге де тауарларды алу азаяды.

Мамандар есептердің барлық түрлерін бір ақпараттық алаңда жүйелеуді жоспарлап отыр. Демек, бұл бастама іске асқан кезде мемлекеттік органдарға бірнеше, әр жердегі дереккөздерден қажетті деректерді іздеу қажет болмайды, олардың барлығы бір жүйеде жинақталады. Тиімді шараның бірі ретінде белгіленген шаралар шеңберінде «Е-өтініш» жүйесі өтініштердің барлық түрлерін қабылдау үшін «бір терезе» ретінде өзгертілетінін де айта кетелік.

Бүгінде мемлекеттік аппарат 35 мыңнан астам функцияны жүзеге асырады. Ал осыдан бірнеше жыл бұрын олардың саны қазіргіден бірнеше есе аз болды. Бұл жыл сайын мемлекеттік органдар функцияларының саны артатынын айғақтайды. Осыған байланысты Президент Жарлықта жаңа, жеткіліксіз негізделген бюрократиялық талаптардың енгізілуіне жол бермеуді тапсырды.

Жарлықта бес жаңа қағида туралы айтылды. Ел Президенті мемлекеттік аппарат жұмысындағы басымдық формасы емес, мазмұны болуы тиіс екенін нақты атап өтті. Сондықтан бюрократиядан арылтудың тағы бір қағидасы – мазмұнның формадан басымдығы. Жасыратыны жоқ, қазіргі таңда мемлекеттік органдардың күнделікті жұмысы міндеттер мен нәтижелерге қол жеткізуге емес, күнделікті операциялық қызметке бағытталған. Оның үстіне мемлекеттік органдар арасында кешенді, өзара іс-қимыл жоқ екені де мәселені қиындата түседі. Жаңа құжат осы олқылықтардың орнын толтыруға бағытталған. Осы мақсатта ведомство­аралық форматтағы тетіктер мен рәсімдердің де рөлін қайта қарау ләзім.

Бюрократияны қысқартуды, жүйелі реинжинирингті және ішкі рәсімдер мен процестерді оңтайландыруды ынталандыратын мемлекеттік аппараттың ұйымдастырушылық мәдениетін қалыптастыру және қолдау да Жарлықта қарастырылған қағидаттың бірі. Мемлекеттік қызметшінің реформаларды өткізуші бола отырып, өзекті шараларды әзірлеуге белсенді түрде тартылуы өте маңызды. Сондықтан Жарлықта бизнес-процес­терді реинжинирингтеу бойынша шаралар блогы қарастырылған. Ең алдымен Мемлекет басшысы Президент Әкімшілігінің бақылауындағы барлық тапсырмаларға толық ревизия жүргізіп, ішкі процестерді қайта қарауды тапсырды. Оң нәтиже беретін бастама екені сөзсіз.

Бұл ретте Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне жүктеліп отырған негізгі мәселенің бірі – бюрократия көріністердің алдын алу мақсатында барлық әкімшілік рәсімдерге талдау жасап, әр жарты жыл сайын нәтижесімен нақты ұсынымдар беру арқылы қолданыстағы салалық нормативтік құқықтық актілермен бекітілген ережелер мен қағидаларды үнемі жаңғырту. Аталған мәселе өте өзекті. Өйткені мамандардың айтуынша, соңғы үш жылдың өзінде азаматтарға қызмет көрсетуден 4 мыңнан астам негізсіз бас тарту фактілері анықталған. Бұдан бөлек, 16 мыңға жуық қызмет алуға келген азаматтың өтініштерінің негізсіз уақытын созып, әуре-сарсаңға салған фактілер де болған. «Тыйым салынбағанның барлығына рұқсат» қағидатымен артық, заңда көрсетілмеген құжат сұратып, қолдан кедергі жасап келген жағдайлардың саны үш жылда шамамен 130 мыңға жетті. Осылардың барлығына себепші – бюрократия. Айта кетейін, бұл тек анықталғаны ғана. Демек, әбден әуре-сарсаңға түсіп, қағазбастылықтан қиналған азаматтар саны бұдан да жоғары болуы бек мүмкін.

Іс-шараны тиімді жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік қызметшілер мен азаматтар арасында жыл сайын бюрократия мәселесіне қатысты онлайн са­уалнама жүргізілу көзделіп отырғаны да қуантарлық. Бұл, сөз жоқ, бюрократия­лық тетіктердің жасырын түрлерін анықтауға мүмкіндік беретін тиімді шара.

Алдағы уақытта зерделеп, мақсатты атқарылатын жұмыс легі көп. Өзгеріс­тер ауқымды. Қазір – тез қимылдап, жедел әрекет ететін уақыт. Сондықтан ағымдағы жұмыстарды да ақсатпай, жаңашылдықты да мейлінше тез қолданысқа енгізу – бүгінде басты талап. Бюрократия­ны мейлінше азайтқанда ғана мемлекеттік органдардың тиімділігі артады. Мемлекет басшысы атаған міндет-межелерді табысты шешуге жол ашылады. «Жаңа Қазақстанның» іргетасы саяси және экономикалық реформалардың үйлесімді байланысы негізінде қалануы тиіс. Бұл елімізді дәйекті түрде ілгері дамытуды және азаматтардың тұрмыс деңгейін жеңілдетуді қамтамасыз етеді.

Ендігі жерде мемлекеттік аппарат мақсаты айқын, халықтың мүддесін көздейтін, биліктегі негізгі салаларға қатысты нақты ұстанымдарды айқындаған маңызды құжатты тиімді орындау арқылы ел игілігіне жаратуы тиіс.

 Нұрлыбек ОЖАЕВ, Мәжіліс депутаты

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button