Ел тынысы

Қоғамның өзекті мәселелері ашық талқыланған сұхбат

Көптің көкейінде жүрген көп сұраққа жауап беретін, еліміздің ішкі және сыртқы саясатын жан-жақты қамтыған, ауқымды, бағдарламалық сұхбат болған екен.

Мемлекет басшысы “2026 жылы Біріккен Ұлттар Ұйы­мын басқаруға кетеді екен, кезектен тыс президент сайлауы болады” деген ел арасындағы қауесетке “Менің елімізді дамытуға қатысты талай жылға арналған ауқымды жоспарларым бар, оның бәрін жүзеге асыруға ниеттімін” деп нақты жауап беріпті.

Сол сияқты сұхбатта Парламент сайлауын мерзімінен бұрын өткізуге негіз жоқ екендігі айтылады. Ендеше сайлау заңда белгіленген мерзімдерге сәйкес өтеді.

Сондай-ақ “үкіметтің жұмысын орташа” деп бағалаған Президент өңірлердегі ахуалды және экономиканың іс жүзінде қалай жұмыс істейтінін жақсы білетін, яғни жергілікті жерде еңбек етіп, ысылған мамандар қажет екенін айтады.

Қаңтар оқиғасына қатысты төңкерісті ұйым­дастырған адамдардың қимылына дереу тосқауыл қойып, батыл әрекет жасамағанда, қазір Қазақстанның егемендігі әлдеқайда шектеулі, мүлде басқа мемлекетке айналатынын айтқан Қасым-Жомарт Кемелұлы бұрынғы президенттің қызметіне де нақты баға беріп, Нұрсұлтан Назарбаевтың отставкаға кеткенімен, Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы болып отырған кезде саяси сыпайылықты сақтай бермегенін еске салған.

Сұхбат барысында айтулы ақын, майталман журналист, қазір мықты медиаменеджерге айналған Erlan Jùnis бауырым батыл, өткір сұрақтар қоя білген. Соған сәйкес қоғамды толғандыратын көптеген өзекті, көкейтесті мәселе ашық талқыланған, әдемі әңгіме өрбіген.

Ауқымды сұхбатты ана тілінің байрағына айналған «Ана тілі» газетіне беру арқылы Мемлекет басшысы еліміздегі журналистиканың тірегі саналатын қазақ тіліндегі медиаға қолдау көрсеткен екен, өзге басшыларға да жұғысты болсын дейміз.

Дархан Қыдырәлі,

ҚР Парламенті Сенатының депутаты 

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button