UncategorizedБілім

Әлихан Жақсылық – Нұр-Сұлтан қаласы Қошке Кемеңгерұлы атындағы №49 орта мектебінің 5-сынып оқушысы.

 

Математика пәнінде ол ерекше  белсенді, ерекше  ұғымтал, әрі сыншыл болып кетеді. Логикалық тапсырмаларды орындауда алдына жан салмайды. Дайындап әкелген әр тапсырманы әртүрлі тәсілмен орындауға болатынын өзі айтып беретін. Осы қабілетін байқай отырып Әлиханды жыл сайын 2-сыныптан бастап Жұмагүл Мерекеқызы математикалық сайыстарға қатыстырып отырды. Биылғы оқу жылында «Алтын сақа» олимпиадасына, «Бастау» турниріне қатысты. «Бастау» турнирінен мақтау қағазына ие болса,  былтырғы оқу жылында «Бастау» турнирінен І орынды иеленді.

4-сыныптар арасында болатын пәндік олимпиаданың математика пәні бойынша ІІ орынды иеленіп келді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы  Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылды «Балалар жылы» деп атауына орай оқушылардың оқу-білімге деген қызығушылығын арттыру және дарынды оқушылардың арасында байланыс орнату мақсатында өткізілген «Бастауыш білім бұлағы» атты республикалық байқауға қатысып, І дәрежелі дипломмен, төс белгімен марапатталды. «Бастауыш білім бұлағы» республикалық байқауының материалдар жинағына жазған еңбегі енді.

«Бұлақ көрсең, көзін аш» деп бекер айтылмаған екен ғой. Дарынды балаларды анықтап, олардың қабілеті  мен мүмкіндіктерін бақылап, әрі қарай  жақсы бағыттау – әр ұстаздың міндеті. «Мұғалімнің бүкіл мақтанышы шәкірттерінде, өзі шашқан ұрпақтарының өсіп-өнуінде» дейді Д.И. Менделеев. Мектеп ұстаздары шәкіртінің әрбір нәтижесіне қуанып, жетістігін мақтан етуге жалықпайды. Сондай оқушының бірі – Әлихан Жақсылық Жасұланұлы.

Әлихан – үйде үш ағайынды баланың бірі. Өзінен үлкен ағасы Әлиасқардың тынысы, кіші інісі Рамазанның қамқоршысы болып жүр.

Әлихан ұстаз туралы жазған эссесінде: «Мектептегі басқа мұғалімдер   апайыммен келіп ақылдасып, сабақтары бойынша жөн сұрап жатқандарын жиі байқаймын. Сонда мен ішімнен осындай адамнан білім алып жатқаныма қуанып, тебіреніп қоямын. Кеудемді мақтаныш сезімі билеп кетеді» деп жазған екен. Бұл оның бастауыш сынып жетекшісі Нұрлыбекова Жұмагүл Мерекеқызы туралы жазғаны еді. Биыл ол бастауыштан орта буынға ауысты, Жақып Аяулым Еремекқызы жетекшілік ететін 5 «А» сыныбында оқиды. Әлиханның  әрі қарай математикадан білімін шыңдау – пән мұғалімі  Қаламбай Нұрболат Алмабекұлының жауапкершілігінде. Баланың ыстық ықыласына бөлену әр ұстаздың миссиясы екенін ұмытпауымыз керек.

Жетістіктері: 2020 жылы қалалық «Бастау» математикалық турнирінен  І орын, республикалық қашықтық олимпиададан математика пәнінен І дәрежелі диплом,  2022 жылы  қалалық «Бастау» математикалық турнирінен   мақтау қағазы, 4-сыныптар арасындағы  қалалық пәндік олимпиададан  ІІ орын, «Білім бұлағы бастауыштан» республикалық сайысынан І орынды иеленген.

Әлихан әр сөзді мұқият тыңдап, әр тапсырманы ұқыптылықпен  орындайды, оған қоса елгезектігі, ойын ашық айтуы – Әлиханның ерекше  қасиеттері. Сыныптағы оқушылармен тез тіл табысып, әрқашан адалдық пен шыншылдыққа жақындығы оның сынып ішінде тек беделін арттыра түсті. Сонымен қатар оның оқуының үздік үлгерімімен қоса математика пәніне жақындығын, логикалық ойының зеректігін байқамау мүмкін емес еді.

Гүлшат САПАРҚЫЗЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button