Елорда тынысы

13 мың үлескер баспанасын алды

Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов «Алтын шар» көппәтерлі тұрғын үй кешенінің үлескерлерімен кездесті. Бір қуанарлығы, 13 мыңнан аса үлескер көптен күткен баспанасына қол жеткізіп, қуанышқа бөленді.

Қала басшысы құрылысы ұзаққа созылған нысанның бес көппәтерлі үйден тұратынын айтты. «Үлескерлердің жалпы саны 1200-ден аса отбасылар. Нысанға кірген кезде «сақалды» құрылыстың жұмысы тоқтап тұрды. Бір жерінде кем дегенде үйдің қаңқасы болса, кей жерлерде үйлердің блоктары орнатылып, тек қадалар қағылған еді. Яғни ештеңе болған жоқ. Алайда көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы 2017 жылы аяқталуы тиіс еді. Инвестор тартудың арқасында құрылыс жұмыстары қайта жандана бастады. Бұған дейін біз құрылысты аяқтап, үлескерлерге төрт тұрғын үй кешенінің (бірінші және екінші орын) кілттерін тапсыр­дық. Қазіргі уақытта қалған тұрғын үй кешені бойынша соңғы жұмыстар жүргізілуде (3-орында). Жалпы алғанда, көппәтерлі тұрғын үй кешені бойынша құрылыс жұмыстарынан басқа, сыртқы су құбыры, кәріз, электр желілері және т.б. желілерін орнату бойынша жұмыстар жүргізілді. Дегенмен, әлі де атқарар жұмыс көп. Кездесуде үлескерлер лифтілердің жұмысы, «сақалды» құрылысты аяқтау, абаттандыру, әлеуметтік нысандар (мектеп, емхана), паркинг, аулалар және т.б. салу мәселелерін айтты» деді Алтай Көлгінов.

Қала әкімі тұрғындар көтерген әрбір мәселе бойынша жұмыстар рет-ретімен атқарылатынын жеткізді. «Жұмысты кезең-кезеңмен жүргіземіз. Мысалы, ауа райы жағдайын ескере отырып, аула құрылысын алдағы көктемге (2023 жыл) жоспарлаймыз, сондай-ақ айтылған әлеуметтік нысандардың құрылысына арналған учаскелерді бекітеміз. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылысы ұзаққа созылған нысандардың құрылысын аяқтау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізудеміз. 16 мыңнан астам үлескер-отбасылардың 13 мыңнан астамы көптен күткен баспанасына қол жеткізді. Қалған қаңтарылған құрылыстар бойынша қадамдық іс-шаралар жоспары бар» деп түсіндірді қала әкімі.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button