#Жаңа Қазақстан

Тұңғыш рет қатысты

Елордадағы Еуразия ұлттық университетінің студенті Айзада Қанапия осы күнді асыға күтті.

Таңсәріден Астанадағы «Нұр-Орда» мектеп-лицейінде орналасқан №51 сайлау учаскесіне келген ол ата-анасымен бірге өз таңдауын жасап, үміткерлерге дауыс берді. Жас сайлаушы дауыс беру кезіндегі сезімін де жасырмады.
– Бүгін, 20 қараша күні – мен үшін үлкен мереке. Себебі, мен тұңғыш рет президенттік сайлауға қатысып отырмын. Қазақстан Республикасының азаматы ретінде, өз таңдауымды жасадым. Ерекше сезімде тұрмын. Өйткені, осындай мемлекеттік маңызы бар істе таңдау жасау мен үшін аса жауапты сәт болды. Ел болашағы жолында дұрыс таңдау жасадым деп ойлаймын және Қазақстанның жарқын болашағына сенемін, – деді Айзада Талғатқызы.
Алғаш рет дауыс берген жас сайлаушыға естелік сыйлық табысталды.

Тағыда

Гүлбаршын Өкешқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button