#Жаңа Қазақстан

Роза Мұқанова: Отбасымызбен бірге сайлауда дауыс бердік

Бүгін отбасымен сайлауға белсенді қатысқанның бірі – белгілі жазушы-драматург Роза Мұқанова. Ол отбасы мүшелері саяси науқанғанға белсенді қатасып, өз таңдауын жасағанын айтты.

– Бүгін ауа райы ерекше болып тұр. Қыс болса да жылымық бар. Таңертең ерте №329 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауымды жасадым. Ұлым Алпамыс Гонконг қаласында жасанды интеллект саласында инженер болып жұмыс істейді. Ал қызым Аруза Гонконг ғылым және технология университетінде оқиды. Екеуі де дауыс беріп, азаматтық таңдауын жасады.
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы-драматург Әкім Тарази денсаулығына байланысты сайлау учаскесіне бара алмады. Алайда сағат 12.00-де сайлау учаскесінің мамандары үйге келіп, жарым таңдау жасауына мүмкіндік берді, – деді қаламгер Роза Мұқанова.

Сайлау – кез келген ел үшін маңызды оқиға. Мұны елде және шетелде жүрген әрбір Қазақстан азаматы терең түсінуі тиіс. ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышевтің айтуынша, Жапония мен Корея Республикасында жүрген қазақстандықтар бірінші болып дауыс берді. Сол қатарда Гонконгте тұратын Алпамыс пен Аруза да сайлауға қатысты.

– Сайлауға келген халықтың көңіл-күйі көтеріңкі әрі белсенді. Олар қоғамда әділеттілік орнайтынына сенімді. Өз басым әділ және қуатты Қазақстан үшін, әрбір отбасының әл-ауқаты жоғары болуы үшін дауыс бердім. Өйткені бүгінгі сайлау елде жүргізіліп жатқан саяси реформаларды орнықты жүргізудің жолы, ұлттың арман-мүддесін жүзеге асырудың тетігі деп білемін, – деді жазушы.

Тағыда

Нұрлат Байгенже

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button