Қала мен СалаҚала тіршілігі

14 мыңнан астам үйге газ кіргізілді

Елордада 14 мыңнан астам үйге газ жетті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ермек Қизатов мәлім етті.

[smartslider3 slider=850]

«Өздеріңіз білесіздер, өткен жылдан бастап елордаға газ келіп жатыр. Бүгінде 14 мыңнан астам тұрғын үйге газ құбыры тартылып, жеткізілді. Елордада өтіп жатқан «Қыс-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына газ қызметі де қатысып жатыр. Өйткені «көгілдір отын» қауіпсіздігі де маңызды. Яғни газдың салдарынан да түрлі төтенше жағдайлар туындауы мүмкін. Сол себепті қауіптің алдын алу қажет. Осы орайда елорданы газдандыруға байланысты қосымша қорғаныс күші әзірленіп жатыр. Бұл саланың мамандары газ қауіпсіздігіне жауапты болмақ» деді Ермек Қизатов.

Еске салсақ, таяуда ғана елордада мыңыншы тұтынушының үйіне «көгілдір отын» жеткенін хабарлаған едік.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button