Қоғам
Стационарлық модульдік әжетханалар саны артады
Алматы ауданының аумағында біздің аудан тұрғындары мен қонақтарына қолайлы жағдай жасайтын 13 стационарлық модульдік әжетхана бар, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Олар келесі мекенжайларда орналасқан:
•2 модульдік әжетхана триатлон саябағындағы, Арқар көпірінің астында;
• «Игра престолов» алаңының аумағы;
• Жағалау бойында;
•«The one» қонақ үй кешенінің тұрағында;
• Достық алаңында;
• «Встреча» сауда үйі;
• «Жерұйық» саябағы, М.Жұмабаев даңғылы жағынан;
• «Жерұйық» саябағының орталығында;
• «Отан қорғаушылар» алаңында.
Биыл жоғарыда айтылғандарға қосымша аудан бойынша тағы үш модульдік әжетхана орнатылды:
1. Есіл өзенінің жағасында;
2. Оқушылар сарайының тұрағында (Б. Момышұлы даңғылы жағынан);
3. Бауыржан Момышұлы саябағында.
Барлық модульдік дәретханаларға үнемі қызмет көрсетілетінін атап өткен жөн. Жалпы тазалау күн сайын, ал ылғалды және құрғақ тазалау күніне үш рет жүргізіледі. Шығын материалдары қажеттілігіне қарай толықтырылады.
Егер сізде модульдік дәретханаларды күтіп ұстау және оларға қызмет көрсету бойынша қосымша сұрақтарыңыз болса, мына нөмірге хабарласуға болады:
+7 (778) 111-17-97 – Аслан Чапатов, «Алматы» ауданы әкімі аппаратының өндірістік-техникалық бөлімінің бас маманы.