Ел тынысы

Елордада құқық бұзушылыққа төзбеушілік бағытында жұмыстар жүргізілуде

Елордада қоғамда құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушіліктің негізгі қағидасы, мемлекеттегі барлық азаматтардың тәртіп пен қауіпсіздік үшін жауаптылығы болып табылады.

Әрбір тұрғын өзінің қоғамдағы азаматтық ұстанымын көрсетіп тіпті ең ұсақ және елеусіз құқық бұзушылықтарды жасауға жол бермеуі, ал кез-келген құқық бұзушылықты байқаған бойда оған бей-жай қарамай, бұл туралы дереу құқық қорғау органдарына хабарлау қажет.

Қалалық прокуратураның үйлестіруімен полиция Департаменті мен жергілікті атқарушы органдар қоғамда кез келген құқық бұзушылыққа төзбеушілік бағытында тиісті жұмыстарды жүргізуде.

Көп жағдайда мұндай әрекеттерді азаматтар қасақана жасайды.

Ағымдағы жылы бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіргені, қоғамдық орындарды ластағаны, ғимараттар мен тұрғын үй-жайларды қорлағаны үшін сотпен 72 адам жауапқа тартылып, оның ішінде 32 адамға айыппұл салып, 40 адамды қамаққа алған.

Мысалы, 11 қаңтарда сағат 02:50 шамасында астаналық тұрғын мас күйінде «Кинг Отель»  қонақ үйдің нөмерінің есігін теуіп, 80 мың теңгені құраған материалдық шығын келтірген. Ол 5 тәулікке қамаққа алынды.

Тағы бір мысал, 20 қаңтар күні сағат 02:30-да Керей Жәнибек хандар көшесіндегі шағын маркетте 28 жастағы астаналық тұрғын мас күйінде сатушымен жанжал шығарған, осыдан кейін дүкеннің жабдықтары мен тауарларын сындырған. Оған 69 мың теңге айыппұл салынды.

Ұқсас жағдай, 4 ақпанда шамамен 12:30-да 24 жастағы қала тұрғыны мас күйінде бола тұра Потанин көшесі бойында орналасқан кафенің жарнамалық белгісін әдейі зақымдаған. Шығын 100 мың теңгені құрады. Құқық бұзушы 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Прокуратура қала тұрғындарымен қонақтарын қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиісу, ғимараттарды, өзге де құрылысжайларды, тұрғын үй – жайларды, өзге де қоғамдық орындардағы ортақ пайдаланылатын орындарды, мүлікті бүлдіру және айналасындағыларға сыйламаушылықты білдіретін, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттері үшін 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза көзделгенін ескертеді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button