Ел тынысы

Астанада терроризмге қарсы жиын өтті

Астанада Терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі Қазақстан-Үндістан бірлескен жұмыс тобының 5-ші отырысы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Талғат Қалиевтің төрағалығымен өткен іс-шараға екі елдің сыртқы саяси министрліктері және мүдделі ведомстволарының өкілдері қатысты.

Отырыс барысында қатысушылар аймақтық және жаһандық қауіп-қатерлерді өзара бағалаумен алмасып, терроризмге, экстремизмге және радикалдануға қарсы күрестегі қазіргі сын-қатерлерді, соның ішінде есірткінің таралуы мен жаңа технологияларды қолданудан туындаған қатерлерді талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты негізде және халықаралық ұйымдар шеңберінде ынтымақтастықты нығайту туралы уағдаластықтарға қол жеткізді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button