Жаңалықтар

15 мың бала үйірмеге тегін барады

Нұр-Сұлтан қаласында 45 түрлі үйірме жұмыс істейді. Соған 15 мыңға жуық бала тегін қатысып жатыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Мәдениет басқармасы мәдени-көркем іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Салтанат Муксимова айтты.

[smartslider3 slider=2075]

«Мемлекет басшысы өткен жылғы Жолдауында балаларды бұқаралық спортқа белсенді тарту, спорт секцияларын ашу, балаларға арналған үйірмелердің жұмысын жандандыру міндетін қойған еді. Осы орайда еліміздің Мәдениет туралы заңына тиісті өзгеріс­тер енгізіліп, Президент тапсырмасы жүзеге асып жатыр. Нұр-Сұлтан қаласында мемлекеттік шығармашылық үйірмелерден бөлек, спорт секциялары да бар. Бүгінде елордада уәкілетті органдар бекіткен 59 шығармашылық үйірме түрі бар. Соның 45-і жұмыс істеп тұр» деді С.Муксимова елорда әкімдігінде онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелер, негізінен, Бейбітшілік және келісім сарайы мен Тәуелсіздік сарайында ұйымдастырылуда. Балалар үшін есігі әрдайым ашық. Бұрын ата-аналар балаларын үйірмеге ақылы қатыстырса, ендігі уақытта жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп, шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларына балалар тегін қатыса алады. Сондай-ақ спикер балалар мен жасөспірімдер арасында бұқаралық спорт пен шығармашылық үйірмені ұйымдастыру, насихаттауға құзырлы орган ретінде Мәдениет және спорт министрлігі жауапты екенін еске салды.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button