Жаңалықтар

16,1 миллион тонна астық жиналды

Елімізде 15,8 млн гектар дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар немесе жалпы жинау алаңының 99,7 пайызы жиналды.

[smartslider3 slider=391]

«Орташа өнімділік гектарына 10,2 центнерді құрап, 16,1 млн тонна өнім бастырылды, оның 11,8 млн тоннасы – бидай. Сондай-ақ 1,6 млн тонна майлы дақылдар, 3,8 млн тонна картоп, 4,6 млн тонна көкөніс дақылдары, 2,6 млн тонна бақша дақылдары жиналды» делінген Ауыл шаруашылығы министрлігі мәліметінде.
Негізгі астық егетін өңірлер – Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында 11,6 млн гектар жиналды, бұл олардың жалпы жинау алаңының 100 пайызын құрады. Орташа өнімділік 8,8 центнерге жетіп, 10,1 млн тонна бастырылды.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button