Елорда тынысы

170 қоғамдық кеңістік пен аула абаттандырылды

Биыл Астанада 170 аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылды. Бұл жұмыс қаланың барлық ауданында жүргізілді. ОКҚ брифингінде Астана әкімі Жеңіс Қасымбек тартымды орындар қай жерде ашылғаны туралы айтты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

«Биыл абаттандыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Мысалы, Тәуелсіздік сарайының алдындағы «Қазақ Елі» алаңында жалпы ауданы 13 га аумақта кешенді абаттандыру жүргізілді, Жүргенов көшесінде жасыл бульвар ашылды, бұл көше шағын ауданның негізгі көшелерінің бірі болып саналады. Сондай-ақ, Алматы ауданында Ақбұлақ өзенінің жағалауы абаттандырылды. Өткен жылы Ш.Құдайбердіұлы даңғылынан Абылай хан даңғылына дейін жұмыс жүргізілді. Биыл Абылай хан даңғылынан Амман көшесіне дейін жұмыс жүргізілді.

«Жастар» саябағы айтарлықтай өзгерді. Мұнда мынандай өзгерістер болды: сорғы жолы, коньки паркі, жаңа ойын алаңы салынды. Сонымен қатар, саябақ аумағында «Сана» заманауи спорт кешені жұмыс істейді, онда белсенді өмір салты үшін барлық қажетті жағдай жасалған», – деп атап өтті елорда әкімі Жеңіс Қасымбек.

Биыл қаланың вокзал маңы мен оған іргелес Біржан сал және Гете көшелері абаттандырылды. Вокзал маңындағы көшелердің жалпы ұзындығы 1,5 км құрады. Қаланың тарихи көшелерін қайта жаңарту жобасы аясында жалпы абаттандыру алаңы 17 мың шаршы метрден асты.

Сонымен қатар, Ұлытау аллеясы, Мәңгілік ел даңғылы, Тәуелсіздік, Тұран даңғылдары, Мыңжылдық аллеясының бөлігі, Керуен және Хан Шатыр СОО жанындағы гүлзарлар, Агроқалашық елді мекені, Жеңіс даңғылы, Жағалау шағын ауданы, Уәлиханов көшесі және т.б. абаттандырылып, көгалдандырылды.

Абаттандыру кезінде көгалдандыруға ерекше назар аударылады. Биыл қалада «жасыл белдеу» аумағында 1 млн-ға жуық жасыл желек отырғызылды. Қаланы көгалдандыру жарғысы қабылданды. Енді бірде-бір құрылыс салушы салғанын нысанын дендрожоспарсыз және оның айналасындағы жасыл кеңістіктерге күтім жасау бойынша үш жылдық міндеттемесіз тапсыра алмайды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button