Шаһар шаруашылығы

18 мың жүк көлігі қар шығарды

Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген, тәулік бойғы режимде жұмысын жалғастыруда. 26 қарашадан 27-сіне қараған түні елордадан қар полигондарына 40 мың текше метрге жуық қар шығарылды.

[smartslider3 slider=1226]

Бүгінде елордада қар жинау жұмысына 2 мыңға жуық жол жұмысшы мен 1700-ден астам арнайы техника жұмылдырылды.

26 қарашадан 27-сіне қараған түні ғана елордадан қар полигондарына 40 мың текше метрге жуық қар шығарылды.

Естеріңізге сала кетейік, қалада барлығы 4 қар полигоны, резервте тағы 6 полигон бар. Олардың әрқайсысында тәулік бойы бейнебақылау мен бақылаудың заманауи жүйесі орнатылған, ол арнайы техниканың мемлекеттік нөмірін кіру және шығу жолдарында, келу уақыты мен күнінде тіркеп тұрады. Бұл жүктің көлемі мен мазмұнын есепке алуға мүмкіндік береді. Осылайша, полигон жұмысын тиісті бақылау ауданды санитарлық тазалауға жауап­ты мердігер ұйымдарды тәртіпке келтіруге және рейстерді тіркеу кезінде адами факторларды болдырмауға мүмкіндік береді.

Айта кету керек, қар жауғалы бері қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде тәулік бойы жұмыс істеп келеді. Бірінші кезекте, ереже бойынша, жолдарда кептеліс болмауы үшін қозғалысы өте қарқынды учаскелер тазартылады. Сондай-ақ орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кіретін жолдар және т.б. қардан тазартылады. Қыс мезгілі басталғаннан бері қаладан 200 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 18 мың жүк көлігін құрады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button