Ел тынысы

18 наурыз – Ұлттық киім күні



Бүгін елімізде Ұлттық киім күні атап өтіледі. Сан ғасырлар бойы  қарапайымдылығымен және ұтымдылығымен ерекшеленген қазақтың ұлттық киімі барлық жерде киіледі, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Ұлттық киім үлгісінде пайдаланылатын былғары, жүн, киіз, мата сияқты табиғи материалдар, асыл тастар мен металдар адамға жылулық пен жайлылық сыйлаумен қатар, киім иесінің атақ-дәрежесін, байлығын көрсететін.

Қазіргі модернизация дәуірінде ұлттық киім өз мәнін жоймай, бұрынғы дәстүрлер мен заманауи үрдістерді үйлестіре отырып, жаңа интерпретацияға ие болды. Ұлттық стиль ұлттық мінез пен ұлт бірлігін айшықтай отырып, ел мәдениеті мен тарихының ажырамас бөлігіне айналды.

Ұлттық киім күні – киім үлгісі арқылы әр адамға өз даралығын білдіруге, сонымен қатар Қазақстанның бірлігі мен мәдени әралуандығын танытуға мүмкіндік береді.

Бұл айтулы күні біз әрбір қазақстандықты өз мәдениеті мен ұлттық бірегейлігін мақтан тұтуға, ата-бабаларымызға құрмет көрсетуге және озық дәстүрлерімізді қазіргі заманға жалғауға шақырамыз.

Наурызнаманың онкүндігінде еліміздің барлық өңірінде ұлттық киімдерімізді насихаттауға бағытталған түрлі іс-шаралар өтуде.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button