Ұлы дала ойындары өтті

Астанада Наурыз мерекесі қарсаңында ұлттық спорт түрлерінен «Ұлы Дала Ойындары» эстафетасы өтті. «Aspan» спорт кешенінде өткен бұл отбасылық эстафетаны Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Эстафетаға 8–10 жас аралығындағы балалар қатысып, барлығы 20 команда (300 адам) өз бақтарын сынады. Қатысу тегін болды. Жарыс «Игра в кальмара» телесериалының форматына ұқсас ұйымдастырылып, жалпы 5 кезеңнен тұрды. Командалар құрамы әр команда 5 отбасынан құралды, барлығы 15 адам: 5 әке, 5 ана, 5 бала болып сайысқа түсті.
Жарыс ережесіне сәйкес әкелер өзара жамбы ату, тоғызқұмалақ, асық ату, бес асық, лянга тебу спорт түрлерінен сайысқа түссе, аналар тепе-теңдікті сақтай отырып жүру, шаш өру, тоғызқұмалақтан өнер сайысына түсті. ал балалар «бәйге», «теңге алу», «көкпар», қаппен секіру, «асық жинау» сияқты жарыстарға қатысты. Жарысқа қатысушылар ұлттық спорт түрлерінде өз шеберліктерін көрсетіп, ерекше әсер алды. осылайша, барлық жеңімпаздар мен қатысушыларға бағалы сыйлықтар табысталды.