Sport

2:2 есебімен тең түсті

«Астана» футбол клубы қарт құрлықтың басты додаларының бірі – Еуропа лигасындағы жорығын сәтті бастады. Жерлестеріміз сырт алаңда Киевтің «Динамо» командасымен сынға түсіп, 2:2 есебімен тең түсті.

Бұл ойында қос команда тең дәрежеде өнер көрсетті. Ойынның 11-минутында Виталий Буяльскиймен пас алмасқан Виктор Цыганков қақпаны дәл көздеп, «Динамоны» алға шығарды. Дегенмен, арада 10 минут өткен соң Кабананганың әуелете көтерген пасына бірінші болып жеткен Марин Аничич таразы басын теңестірді. «Астананың» есепте алға шығуына болар еді. Бірақ Марин Томасов қақпашымен екі рет жеке шыққанда да мүмкіндіктерін пайдалана алмады.
Алғашқы таймға берілген қосымша уақытта таблодағы көрсеткіш тағы өзгерді. Украиналықтар тағы да алға шықты. Бұл жолы Денис Гармаш мергендігімен танылды. Ол қақпашы Ненад Эричтің өрескел қателігін тиімді пайдаланып, есепті 2:1-ге жеткізді. «Динамоның» басымдығы кездесудің соңғы минуттарына дейін жалғасты. Ал қосымша уақытта Педро Энрикенің көтерген добына Роман Мұртазаев үлгеріп, есепті 2:2 етті.
«Астана» осылайша топтық кезеңнің алғашқы ойынында 1 ұпайға ие болып, екінші орынға жайғасты. Жерлестеріміз Еуропа лигасындағы келесі ойынын «Астана-Аренада» 4 қазан күні Францияның «Ренн» командасымен өткізеді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button