Қоғам

2024 жылы 1400 шақырымнан астам теміржол жөнделді

2024 жылы “ҚТЖ” ҰК” АҚ жол жөндеу жоспарын орындады-жөндеудің барлық түрлерімен 1407 км теміржол төсемі жаңартылса, оның 570 км күрделі жөндеуден өтті. Жөндеу жұмыстарының бірдей көлемі 2023 жылы орындалды-1443 км, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

ҚР Президентінің темір жол инфрақұрылымын жаңғырту бойынша қойған міндеттерін орындау аясында “ҚТЖ” ҰК” АҚ 2029 жылға дейін 11 мың шақырым темір жолды жөндеу бойынша жол картасын іске асырады.

Бүгінгі таңда жоспарланған көлемнен 2800 шақырымнан астам теміржол жаңғыртылды.

Жолды жыл сайынғы жөндеу теміржол инфрақұрылымының сенімділігін қамтамасыз етуге және жолаушылар мен жүктерді тасымалдау кезінде жылдамдықты арттыруға мүмкіндік береді. Теміржол инфрақұрылымын жаңғырту тасымалдарға өсіп келе жатқан қажеттіліктерді қамтамасыз етеді және елдің транзиттік әлеуетін арттыруға ықпал ететін болады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button