Қоғам

2024 жылы Қазақстанға сырттан келгендердің саны 15,3% артты

2024 жылы Қазақстанға тұрақты тұруға 29 282 адам келсе, елден кеткендер саны – 12 732 адамды құрады. Көші-қон сальдосы 16 550 адамды құрады. Осылайша, қатарынан екі жыл бойы сыртқы көші-қонның оң сальдосы байқалып келеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

2023 жылмен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 15,3%, ал сытрқа көшіп кеткендер саны 20,9% азайды.

Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен жүрген. Тәуелсіз мемлекеттер достастығынан келгендердің үлесі 81,6% болса, осы елдерге кеткендердің үлесі 74,8% құрады. Басқа елдердің ішінде көшіп келгендердің көпшілігі Қытайдан, Моңғолиядан және Түркиядан болған, ал басқа елге кеткендердің басым бөлігі Германия, Польша және АҚШ-қа кеткен.

Шетелден тұрақты тұру үшін келгендер негізінен Алматы қаласын (6 260 адам), сондай-ақ Алматы (4 788) және Маңғыстау (3 680) облыстарын таңдаған. Керісінше сыртқа кеткендердің ең көп саны Солтүстік Қазақстан (2 133 адам), Қарағанды (1 588) және Шығыс Қазақстан (1 195) облыстарында тіркелген.

Ел ішінде көшіп-қонушылар саны 2023 жылмен салыстырғанда 47,6% өсті. Өңіраралық көші-қон бойынша еліміздің 4 өңірінде оң сальдо қалыптасып отыр, олар Астана (73 238 адам), Алматы (36 061 адам), Шымкент (9 361 адам) қалалары мен Алматы облысы (2639 адам).

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button