2025 жыл- дамуымыздың жаңа белесі болмақ
«Ana tili» газетіне берген Мемлекет басшысының сұхбатын оқып шығып, еліміздің болашағы үшін қолға алынған бастамалар мен жасалатын істер туралы кең көлемде түсінікке ие болдым.
Шын мәнінде 2024 жыл Президент айтқандай еліміз үшін күрделі жыл болды. Алайда жемісті істер де аз болмады. Өйткені бұл жылы көптеген оң өзгерістер болды, оның ішінде мектептер мен балабақшалардың салынуы, әлеуметтік жағынан осал топтарға мемлекеттік деңгейде көрсетілген қолдау, зейнетақылар мен жәрдемақылардың көбеюін айырықша атап өткен жөн. Сонымен қатар қазіргі таңда бизнесті дамытуға да ерекше көңіл бөлінуде. Осы орайда мен зейнеткер ретінде, зейнеткерлерге арналған ұзақ өмір сүру орталықтарының, дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің ашылуының маңыздылығын ерекше атап өткім келеді. Ардагерлерге, әсіресе Халықаралық қарттар күніне мемлекетіміздің назар аударуы мені қуантады.
Сонымен бірге мені ерекше әсерге бөлеген Президент бастамасының бірі ол «Таза Қазақстан» акциясының белең алуы. Бұл шынында да Президент айтқандай «Таза Қазақстан» акциясы қоғамға экологиялық мәдениеттің жаңа талаптарын енгізу идеясынан бастауы».
Мен осы қалада туып-өстім, және барлық өзгерістер менің көз алдымда болып келеді. Кішкентай Ақмоламыз үлкен мегаполиске айналды, тәуелсіздігімізді алғалы өзінің экономикалық және саяси дамуына ие болды. Бұл мен үшін еліміздің өркендеуі болып саналады. Ал мұндай өркендеу жолынан таймай жүру үшін саяси бағытта және экономикалық бағытта тұрақтылық, қоғамда тыныштық болуы маңызды.
Әрине, өткен жылғы су тасқыны, валюта нарығындағы бағалардың өсуі сияқты қиындықтар болды. Бірақ бұл бәрінен маңызды емес, ең бастысы – Қазақстан тұрақты дамып келеді. Инфрақұрылым мен инженерлік-коммуналдық жүйелер дамуда. Мұның бәрі де біздің Президентіміздің дипломат екендігінің, оның ішкі саясатты бақылап, шетелдік серіктестермен дұрыс ынтымақтастық орнатып отырғандығының көрінісі деуге болады. Ал енді 2025 жыл – мерейтойлар жылы. Жылдың ең маңызды оқиғасы — Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы және мемлекетіміздің Тәуелсіздігіне 35 жыл толады. Бұйырса алдағы уақытта бұл мерекелерді де лайықты деңгейде атап өтіп, Қазақстан өз тарихында тағы бір белеске көтерілетініне сенімдімін.
Шарипа Устемирова,
«Есіл» аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы