Басты ақпаратРуханият

2025 жылдың жауһар күндері

  1. «Қазақ ССР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы» декларацияның қабылданғанына 35 жыл (25 қазан 1990 жыл);
  2. Қазақстан Республикасының Конституциясының қабылданғанына 30 жыл (30 тамыз 1995 жыл);
  3. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің құрылғанына 30 жыл (желтоқсан, 1995 жыл);
  4. Керей мен Жәнібек хан туын көтерген Қазақ хандығына 560 жыл (1465 жыл);
  5. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы (9 мамыр 1945ж.);
  6. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл (01.03.1995ж.);
  7. Біріккен қазақ қолының жоңғар басқыншылығына қарсы жүз жылдық азаттық соғысында бетбұрыс жасаған ең ірі жеңісі Аңырақай шайқасына 290 жыл (1730 жыл, кей деректерде 1729 жыл);
  8. Ұлы ғұлама, ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1155 жыл (870 жыл);
  9. Ұлт ұстазы ұлы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл (1845 жыл);
  10. Кеңес Одағының Батыры Рақымжан Қошқарбаевтың Рейхстагқа Жеңіс туын тікке­ніне 80 жыл. Жеңіс Туы 30 сәуір 1945 жылы тігілген.
  11. «Қазақстан әйелдері» журналының алғашқы санының жарық көргеніне 100 жыл. Журнал Алаш арыстары М.­Дулатов пен С.Сейфуллиннің бастамаларымен ашылған. Тұңғыш редакторы – Нағима Артықова.
  12. Балалардың «Ақ желкен» (бұрынғы «Пионер») журналына 100 жыл (1978-2000 жылдары поэзия дарабозы Фариза Оңғарсынова бас редакторы болған);
  13. «Астана ақшамы» газетінің шыға бастағанына 35 жыл (13.10.1990 жыл). Басылым алғашқыда «Ақмола ақиқаты», «Ақмола ақшамы», «Астана», «Астана хабары» атауларымен жарық көрді. 1998 жылдың 10 сәуірінен «Астана ақшамы» болып шыға бастады.
  14. Республикалық «Ана тілі» газетінің шыға бастағанына 35 жыл (22 наурыз 1990 жыл);
  15. Республикалық «Хабар» телеарнасының ашылғанына 30 жыл (23 қазан, 1995 жыл);
  16. Республикалық «Ел арна» (алғашқыда «Хабар-2») телеарнасының алғашқы хабарына 25 жыл толады (22.03.2000 жылы);
  17. Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасының құрылғанына 35 жыл (1990 жыл);
  18. Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитетінің құрылғанына 35 жыл (ақпан, 1990 жыл);
  19. Қазақстанның Дүние­жүзілік сауда ұйымына кіргеніне 10 жыл (30 қараша 2015 жыл);
  20. Халықаралық Түркі академиясының құрығанына 15 жыл (25.05.2010 жыл);
  21. Қазақ Ұлттық циркінің ашылғанына 55 жыл (1970 жыл);
  22. Қазақ мемлекеттік қуыр­шақ театрының құрылғанына 90 жыл (1935 ж.);
  23. Республикалық Іскер әйелдер қауымдастығының құрылғанына 30 жыл (1995 ж.);
  24. Астана қаласындағы сәулетті «Хан Шатыр» орталығының пайдалануға берілгеніне 15 жыл толады (2010 жыл);
  25. Астана қаласындағы қысқы спорт түрлеріне арналған «Барыс Арена» сарайының ашылғанына 10 жыл (2015 жыл);
  26. Жастардың республикалық «Жасыл ел» қозғалысына 20 жыл (2005 ж.);
  27. Орта ғасырлардағы қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақын, жырау, батыр Шалкиіз Тіленшіұлының туғанына 560 жыл (1465-1560 ж.ж);
  28. Дала данасы атанған Қадырғали (Қосымұлы) бидің туғанына 470 жыл (1555-1607ж.ж);
  29. Қасым ханның ұрпағы, Есім ханның немересі, Салқам Жәңгір ханның баласы, Тәуке ханның туғанына 390 жыл (1635-1715);
  30. Артында өлмес рухани қазына қалған Ақтамберді жыраудың (Сарыұлы) туғанына 350 жыл (1675-1762 ж.);
  31. Даңқты қолбасшы, Абылай хан тұсындағы қазақтың қамал қорған батыры Қанжығалы Бөгенбайдың (Ақшаұлы) туғанына 345 жыл (1680-1774 ж.ж).
  32. Батыр әрі биі болған, қазақ-қалмақ арасында бітім саясатын ұстап, елшілік жүргізген Малайсары батырдың туғанына 325 жыл (шамамен 1700-1756 ж.ж);
  33. Қазақ халқының елдік пен еркіндікті қорғау жолында жоңғар шапқыншылығында ерен ерліктер жасап, иісі қазаққа даңқы жайылған батырлардың бірі Байғозы Батырдың туғанына 320 жыл (1705-1803 ж.ж);
  34. Атақты күйші, композитор, қалмақ басқыншыларына қарсы ұлт-азаттық күресіне қатысқан батыр Байжігіт Жаулыұлының туғанына 320 жыл (1705-1795 ж.ж);
  35. Қазақтың берен батыры, ұлы қолбасшысы Райымбек батырдың (Түкеұлы) туғанына 320 жыл (1705-1785 ж.ж);
  36. Қазақ тарихында өзінің әділ билігі мен айтқыш шешендігімен есімі еліне танылған Байдалы бидің туғанына 300 жыл (1725-1820 ж.ж);
  37. Қазақтың әйгілі батыры, ағартушы, сәулетші, халық әулие тұтқан Пір Бекет атаның (баба) туғанына 275 жыл (1750-1813 ж.ж.);
  38. «ХІХ ғасырдағы Жетісу ақындарының алтын діңгегі» атанған айбоз ақын, жырау Сүйінбай Аронұлының туғанына 210 жыл (1815-1898 ж.);
  39. Қазақтың дәулескер күйшісі, композитор Дәулеткерей Шығайұлының туғанына 205 жыл (1820-1887 ж.ж);
  40. Ұлбике ақынның (Жанкелдіқызы) туғанына 200 жыл (1825-1849 ж.ж);
  41. Қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда ағартушылық мәдениетін қалыптастырушы тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыс­танушы, тарихшы, этнограф, географ Шоқан (шын есімі Мұхаммед Қанафия) Шыңғысұлы Уәлихановтың туғанына 190 жыл (1835-10.04.1865 ж.ж);
  42. Әйгілі әнші, композитор, ақын Жаяу Мұса Байжанұлының туғанына 190 жыл (30.06.1835-1929 ж.ж);
  43. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, журналист, драматург, Алаш арыстарының бірі Сыдық Аблановтың туғанына 180 жыл (1845-1938 ж.);
  44. Бұрынғы Верный (қазіргі Алматы) қаласын көгалдандыруға белсене атсалысқан қоғам қайраткері Медеу Пұсырманұлының туғанына 175 жыл (1850-1908 ж.ж);
  45. Халық композиторы, белгілі әнші әрі ақын-импровизатор, классикалық халық музыкасының ірі өкілдерінің бірі Үкілі Ыбырай Сандыбайұлының туғанына 165 жыл (1860-1930 ж.ж);
  46. Халық ақыны, жырау, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері Нұрпейіс Байғаниннің туғанына 165 жыл (20.06.1860-09.04.1945 ж.);
  47. Алғашқы қазақ заңгерлерінің бірі, мемлекет және қоғам қайраткері, ағартушы, демократ Бақытжан Қаратаевтың туғанына 165 жыл (1860-1934 ж.ж);
  48. Халық ақыны, әнші-композитор, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері Шашубай Қошқарбайұлының туғанына 160 жыл;
  49. Діндар-ақын, фольклоршы, көрнекті Алаш қайраткері Ғұмар Қараштың туғанына 150 жыл (1875-1921 ж.ж);
  50. Атақты әнші, халық композиторы Мәди Бапиұлының туғанына 145 жыл (1880-01.02.1921 ж.ж.);
  51. Ұлт ұстазы хакім Абайдың кіші ұлы, Алаш арыстарының сенімді серігі болған, жазушы, ақын, әдебиеттанушы, шебер аудармашы, қазақ әдебиетіндегі естелік жанрының бастауында тұрған Тұрағұл Абайұлының туғанына 150 жыл (1875-1934 ж.ж);
  52. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ұлт еркіндігі үшін күрескен Алаштың арда ұлы Мұстафа Шоқайдың туғанына 135 жыл (25.12.1890-27.12.1941);
  53. Әнші, ақын, композитор, Сыр өңірінің қайталанбас өнер дарабозы Нартай Бекежановтың туғанына 135 жыл (26.03.1890-17.12.1954 ж.ж.);
  54. Қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, көрнекті жазушы Сапарғали Бегалиннің туғанына 130 жыл (24.11.1895-10.03.1953 ж.ж);
  55. Халық ақыны, жыршы, дүлдүл әнші, композитор, актер Иса Байзақовтың туғанына 125 жыл (03.10.1900-03.11.1946 ж.ж.);
  56. Алаш арыстарының бірегейі, қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері Міржақып Дулатұлының туғанына 140 жыл (25.11.1885-05.10.1935 ж.ж.);
  57. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Алаштың ардақты ұлы Смағұл Сәдуа­қасовтың туғанына 125 жыл (1900-1933 ж.ж);
  58. Белгілі қоғам қайраткері, атақты жазушы Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл (13.04.1900-18.04.1973 ж.);
  59. Қазақ опера және балет театрының негізін қалаушылардың бірі, Қаз КСР Халық әртісі, айтулы театр және кино актері, режиссер, өнер дүлдүлі атанған Қанабек Байсейітовтың туғанына 120 жыл (15.03.1905-19.03.1979 ж.ж);
  60. Қазақ халқының біртуар ұлы, даңқты командир, Кеңес Одағының Батыры, жауынгер-жазушы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл (24.12.1910-10.06.1982 ж.ж.);
  61. Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі Төлеген Тәжібаевтың туғанына 115 жыл (1910-1964 ж.ж);
  62. Көрнекті әдебиет зерттеу­шісі, филология ғылымдарының докторы, сыншы-ғалым, Қазақстанның Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері Мұхаметжан Қаратаевтың туғанына 115 жыл (1910-09.06.1995 ж.ж);
  63. Кеңес Одағының Батыры, КСРО Ғылым академиясының академигі, қоғам қайраткері, жазушы, әдебиет зерттеушісі, КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты, запастағы полковник, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Мәлік Ғабдуллиннің туғанына 110 жыл (15.11.1915-02.01.1973 ж.);
  64. Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ ССР-і Министрлер Кеңесінің төрағасы, қазақтың ұлтжанды аяулы перзенті Жұмабек Тәшеневтің туғанына 110 жыл (20.03.1915-18.11.1986 ж.);
  65. Жазушы-романист, «Көшпенділер» трилогиясының авторы, Ұлы Отан соғысының ардагері, ұлтымыздың аяулы қаламгері Ілияс Есенберлиннің туғанына 110 жыл (10.01.1915-05.10.1983 ж.);
  66. Қазақтың тұңғыш кәсіби режиссері, Қазақстанның Халық әртісі, профессор Асқар (Әлиасқар) Тоқпановтың туғанына 110 жыл (1915-1994 ж.ж);
  67. Тарихшы ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қаз КСР ғылым академиясының корреспондент мүшесі Ермұхан Бекмахановтың туғанына 110 жыл (1915-1966 ж.ж);
  68. Ұлы Отан соғысында өшпес ерлік көрсеткен Кеңес Одағының Батыры Ақәділ Суханбаевтың туғанына 105 жыл (15.12.1920-31.07.1944 ж.ж.);
  69. Кеңес Одағының Батыры, Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан қаһарман жауынгер Төлеген Тоқтаровтың туғанына 105 жыл (19.12.1920 -09.02.1942 ж.);
  70. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты (1978ж.), Қазақстанның Халық жазушысы (1985ж.) дарабоз ақын Жұбан Молдағалиевтың туғанына 105 жыл (05.09.1920-06.10.1988 ж.ж.);
  71. «Қазақ дикторларының анасы» атанған қазақтың тұңғыш телевизия дикторы Зұлқия Жұматова 105 жаста (20.02.1920 ж.);
  72. Кеңес Одағының Батыры атағын алған ең жас қазақ жауынгері Жәнібек Ақатұлы Елеуісовтың туғанына 100 жыл (20.06.1925-21.04.1996 ж.ж);
  73. КСРО және Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Қазақстанның Халық Қаһарманы, әйгілі күйші-композитор, дәулескер домбырашы, даңқты дирижер Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл (1.04.1925-15.11.1998 ж.ж.);
  74. Қазақ вальсінің королі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері, әйгілі композитор Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл (15.08.1930-29.02.1992 ж.ж.);
  75. Қазақтың айтулы қаламгері, Қазақстанның Халық жазушысы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әнуар Әлімжановтың туғанына 95 жыл (12.05.1930-09.11.1993 ж);
  76. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген экономисі Санжар Жандосовтың туғанына 95 жыл (29.01.1930-12.08.1992 ж.ж);
  77. Абайтанушы ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлы 95 жаста (9.05.1930 ж.);
  78. Қазақтан шыққан тұңғыш антрополог, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі Оразақ Смағұлов 95 жаста;
  79. Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ тағамтану академиясының Құрметті президенті Төрегелді Шармановтың туғанына 95 жыл (19.11.1930-25.05.2024 жыл);
  80. Қазақ журналистикасының көрнекті өкілі, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, КСРО Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің бұрынғы бас редакторы, Қазақстан Журналистер Одағының төрағасы міндетін атқарған Ұзақ Бағаевтың туғанына 95 жыл (16.10.1930-28.07.1973 ж.ж);
  81. Айтулы ақын, Қазақстанның Халық жазушысы Қадыр Мырза-Әлінің туғанына 90 жыл (5.01.1935-24.01.2011 ж.ж);
  82. Қазақтың біртуар аса дарынды ақыны, Қазақстанның Халық жазушысы Тұманбай Молдағалиевтің туғанына 90 жыл (20.03.1935-10.10.2011 ж.ж.);
  83. Көрнекті ақын, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Жұмекен Нәжімеденов­тің туғанына 90 жыл (1935-1983);
  84. Көрнекті әдебиеттанушы ғалым, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сейіт Қасқабасов 85 жаста (24 маусым 1940 жыл);
  85. Тарихшы, жазушы, қазақ ауыз әдебиетін зерттеуші ғалым, филология ғылымдарының докторы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Мағауин 85 жаста (02 ақпан 1940 жыл);
  86. Атақты композитор, әйгілі эстрада әншісі, Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ескендір Хасанғалиевтың туғанына 85 жыл (13.02.1940-30.04.2024 ж.ж);
  87. Белгілі археолог, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері Карл Байпақовтың туғанына 85 жыл (17.11.1940-23.11.2018 ж.ж);
  88. Жазушы, драматург, сыншы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығы мен М.Шолохов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты Сәбит Досановтың туғанына 85 жыл (12.01.1940-31.03.2024 ж.ж.);
  89. Қазақ жастары арасынан Италияның атақты Ла-Скала опера театрында тұңғыш білім алған дүлдүл опера әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Амангелді Сембиннің туғанына 80 жыл (09.05.1945 сәуір, 2005 ж.);
  90. Қазақстанның Халық әртісі, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, аса дарынды кино және театр актері Құман Тастанбековтің туғанына 80 жыл (10.03.1945-17.12.2017 ж.ж.);
  91. Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваториясының профессоры, атақты опера әншісі Шахимардан Әбілов 75 жасқа толады (22.04.1950 ж.);
  92. Журналист, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Жамбыл облысының құрметті азаматы Намазалы ­Омашев 75 жасқа келеді (19.01.1950 ж);
  93. Дүлдүл әнші, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның халық әртісі Қайрат Байбосынов 75 жаста (25.05.1950 ж);
  94. Көрнекті ақын, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Серік Ақсұңқарұлы 75 жаста (29.03.1950);
  95. Журналист, сықақшы Көпен Әмірбектің туғанына 75 жыл (29.03.1950-9.11.2022);
  96. Футболдан КСРО Ұлттық құрама командасы сапында ойнаған халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, даңқты футболшы Сейілда Байшақовтың туғанына 75 жыл (28.08.1950-12.07.2023 ж.ж);
  97. Белгілі жазушы, айтулы журналист Кәрібай Ахметбекұлының туғанына 85 жыл (12.02.1940-2005 ж.ж);
  98. Мемлекет және қоғам қайраткері, Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы, генерал-лейтенант Амангелді Шабдарбаев 75 жасқа толады (01.09.1950 ж.);
  99. Айтулы ақын, аудармашы, Мемлекеттік сыйлықтың, Қазақстан Жазушылар Одағының М.Мақатаев және халықаралық Ж.Жабаев атындағы сыйлықтардың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері Несіпбек Айтұлының туғанына 75 жыл (22.09.1950-16.10.2023 ж.ж);
  100. Нобель сыйлығының лауреаты атағын алған тұңғыш қазақ ғалымы Достай Раманқұлов 65 жаста;
  101. Ұлттық Медицина Ассоциациясының «Алтын дәрігер» атағының иегері, «Құрмет» орденінің кавалері, «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі», Қазақстандағы алғашқы денеден тыс ұрықтандыру лабораториясы – «Экомед» емханасының (18.03.95 ж. ашылған) негізін қалаушы және жетекшісі Салтанат Берденқызы Байқошқарова 65 жаста (01.02.1960 ж.);
  102. От ауызды, орақ тілді айтулы айтыскер ақын Оразалы Досбосыновтың туғанына 50 жыл (15.11.1975-30.11.2004 ж.ж.);
  103. Бокстан Сидней Олимпиадасының чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, жиырма жасында өмірден озған боздақ боксшы Бекзат Саттархановтың туғанына 45 жыл (04.04.1980-31.12.2000 ж.ж.) және Олимпиада чемпионы атағын жеңіп алғанына 25 жыл.

 Қырғызәлі Тілеуов, мемлекеттік қызмет ардагері, зейнеткер

P.S:Бұл мәліметтерге кейбір оқиғалар мен атақты адамдар, белгілі тұлғалар кірмей қалуы әбден ықтимал. Сондықтан, оған түсінікпен қараған абзал.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button