Қоғам

2026 жылы эстетикалық топтық гимнастикадан Азия біріншілігі Астанада өтеді

2026 жылы эстетикалық топтық гимнастикадан Азия біріншілігі Астанада өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Елімізде халықаралық деңгейдегі жарысты өткізуге база бар. Былтыр Алматы қаласында Әлем чемпионаты өткізілген болатын. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Қазақстан эстетикалық топтық гимнастика федерациясының вице-президенті Әйгерім Арпабаева мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінде отандық спортшылар Жапония құрамасына ғана есе жіберіп отыр.

«Қазақстан Жапония елімен бәсекелес. Кішкентай қыздарымыз (юниор командасы) үшінші орын алды. Жапонияда эстетикалық топтық гимнастика он жылдан бері дамып келеді. Ал біз енді ғана бастап жатырмыз. Сеньоралар тобында екінші орын алдық. Ол қыздар 19-21 жаста. Біздің қыздар 16-17. Қыздарымыз дайындалып, келесі Азия чемпионаты — 2026 жылы Астана қаласында бірінші орын алады деп ойлаймыз», — деді спикер.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button