Қоғам
2030 жылға дейінгі Инклюзивті саясат тұжырымдамасы әзірленді
2030 жылға дейінгі Инклюзивті саясат тұжырымдамасы әзірленді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаевтың айтуынша, мүгедектіктің медициналық-әлеуметтік моделінен әлеуметтік-құқықтық қорғау моделіне көшуге жағдай жасау түбегейлі жаңашылдық болып табылады.
«Инклюзивті саясатты жүзеге асырудың жаңа тәсілдері мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын іске асыруға, мүмкіндіктерін кеңейтуге, олардың қоғамға толыққанды әлеуметтік ықпалдасуы үшін қажетті жағдайлар жасауға бақытталған пәрменді шаралар кешенін қабылдауды көздейді. Жалпы, тұжырымдама жобасы 13 бағытты қарастырады», — деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.