Елорда тынысы
Астана мен Ташкент – бауырлас қалалар
Қазақстан мен Өзбекстан арасында шығармашылық ұжымдардың, мәдениет пен өнер өкілдерінің өзара сапарлары тұрақты түрде жүзеге асырылады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Қаналимов жазды.
“Ғылыми байланыстарды дамытуда ынтымақтастықтың үлкен әлеуеті бар. Ташкент, Самарқанд және Бұхара мұражайларында қазақтардың өміріне байланысты 500-ге жуық экспонат сақталған. 1998 жылдың қазан айында Астана әкімдігі мен Ташкент хокимияты арасында сауда-экономикалық, ғылыми – техникалық және мәдени ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, ал 2016 жылы елордаларымыз бауырлас қалаларға айналды.
Бүгін елордада Ташкент қаласының мәдениет күндері басталды, оның аясында шығармашылық ұжымдардың, өзбек эстрадасының жұлдыздарының қойылымдары, өзбек асханасының тағамдарын дайындау көрсетілімі өтуде, Елорда тұрғындары мен қонақтарына Ташкент қаласының туристік мүмкіндіктері таныстырылады, ұлттық өнер және қолөнер көрмелері жоспарланған” деп жазды ол.