Елорда тынысы

22 мың адам жұмыспен қамтылды

Биыл елорданың 22 мыңға жуық тұрғынын жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Оның ішінде тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастырумен – 7150 адам, уақытша, мемлекет субсидиялайтын шарамен 3,5 мыңнан астам адам қамтылды. 1900-ге жуық адам түрлі оқу формаларынан өтеді. Сонымен қатар бизнес-идеяларды іске асыруға 350 мемлекеттік грант беріледі.

[smartslider3 slider=3392]

Маусым айының басында елорданың халықты жұмыспен қамту орталығында 4781 адам жұмыссыз бойынша есепте тұр. Жұмыспен қамту іс-шараларымен 4543 адам қамтылды, олардың 1757-сі – жастар. Бүгінде елорданың халықты жұмыспен қамту орталығы «Жастар практикасы», «Әлеуметтік жұмыс орындары», «Қоғамдық жұмыстар» бағдарламаларын, «Бірінші жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» және «Күміс жас» жобаларын іске асыруда.

Жастар практикасы бітірушілердің алған кәсібі бойынша оқуды аяқтағаннан кейін 3 жыл ішінде бастапқы жұмыс тәжірибесін алуға арналған. Биыл осы жұмыс аясында мыңға жуық адамды қамту жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда бағдарламаға білім беру ұйымдарының 231 түлегі қатысады, оның ішінде 187 адам жоғары оқу орнын, 44 түлек колледж бітірген.

Жұмыс беруші жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін олардың жалақысын субсидиялай отырып, әлеуметтік жұмыс орындарын құрады. Жұмыс уақытша, оның ұзақтығы 12 айдан аспайды. 2022 жылы 130 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр. «Бірінші жұмыс орны» жобасының қатысушылары – 29 жастан аспаған, оның ішінде NEET санатына жататын, жұмыс тәжірибесі жоқ жастар. Субсидия мөлшері айына 30 АЕК-ті құрайды. Жобаға қатысу ұзақтығы – 18 ай. Биыл 179 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр. Қоғамдық жұмыстарға елорда тұрғындарын алдын ала кәсіби да­йындықсыз жұмысқа орналастыруға болады. Жұмыс ұзақтығы 12 айдан аспайды. Биыл қоғамдық жұмыстарға 2 мың адамды, оның ішінде жастар арасынан мың адамды жіберу жоспарда бар.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button