ӘлеуметБасты ақпаратҚала тіршілігі

«Самұрық-Қазына» салған үй қолжетiмдi

 admin-ajax

 

Астанада 13 қазанда «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы бойынша баспана алуға құжаттар қабылдау бастайды.

Естеріңізде болса, Тұрғын үй құрылысын дамыту мәселесін кешенді шешу мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы №821 қаулысымен «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы бекітілген болатын. Баспанаға мұқтаж азаматтарды бағасы қолжетімді пәтерлермен қамтамасыз етудің бірнеше жолын қарастырған бағдарламаның бір бағыты – «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ арқылы тұрғын үйлерді арзан бағаға сату, жалға өткізу. Биыл «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ қала әкімдігі арқылы бір шаршы метрі 180 мың теңгелік 678 пәтерді пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Оның ішінде: 347 екі бөлмелі (жалға – 43, сатылымға – 304), 331 үш бөлмелі (жалға – 126, сатылымға – 205) пәтер бар. Осыған байланысты Астана қаласының әкімдігі қазан айының 13-25-і аралығында үміткерлерден құжат қабылданатынын хабарлайды. Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін құжаттар Астана қаласы, Республика даңғылы 34-үй мекенжайы бойынша орналасқан «Жастар» сарайында қабылданады.

(дүйсенбі-жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, сенбіде – 9 .00-ден 13.00-ге дейін).

Астана қаласында «Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның тұрғын үйлері бағыты бойынша бағдарламаға қатысуға құқығы бар азаматтар санаттары

 

Бағдарламаның аталмыш бағыты бойынша Астана қаласында коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған және мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік ұйым қызметшілеріне, әскери қызметкерлер, ғарышкерлiкке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттiк орган қызметкерлерi және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар,  халықтың әлеуметтік әлсіз тобына жататын азаматтар (Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген жандар, 1-ші және 2-топтағы мүгедектер, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар, Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, оралмандар, экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы апаттар салдарынан баспанасынан  айырылған адамдар; көп балалы отбасылар, мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңiстiгiне ұшуға дайындалу немесе жүзеге асыру кезiнде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары, толық емес отбасылар) санатына жататын жандар қатыса алады.

Ескерту: Бағдарламаның аталмыш бағыты бойынша Астана қаласында коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждылар есебінде тұрған Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен Қазақстан Республикасы заңдарында  белгіленген тәртіпте жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған азаматтар қатыса алмайды.

Тұрғын үй комиссиясының үміткерлерді іріктеу тәртібі:

Бағдарлама қатысушылар арасында іріктеуді тұрғын үй комиссиясы жергілікті атқарушы органы түзген коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтар  тізіміндегі кезектілік тәртібін еске ала отырып жүргізеді.

Бұл ретте, құжаттарды тапсыру күні үміткерлерді іріктеуге еш әсерін тигізбейді.

Қабылданған құжаттар негізінде, сондай-ақ, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізімін түгендеу бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Егер кезекте тұрушының Қазақстан Республикасы аумағында тұрғын үй сатып алынғандығы,  тұрғын үйді иеліктен шығару қарекетіне барғандығы немесе коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру үшін негіздемесі жойылған жағдайда бағдарламаға қатысушы коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінен шығарылады және іріктеуден өткен бағдарламаға қатысушыларының тізіміне енгізілмейді.

Қатысушылардың өтініштерін тұрғын үй комиссиясы құжаттарды тапсыру сәтінде өтініште көрсетілген пәтерлердің тиісті түрлері бойынша қарастыратын болады (пәтерлер түрлері төменде көрсетілген).

Тұрғын үй екі бағыт бойынша берілетін болады:

1) Біртіндеп сатып алу құқығымен жалға беру

Біртіндеп сатып алу құқығымен жалға 169 пәтер беріледі, оның ішінде:

43-і екі бөлмелі;

126-сы үш бөлмелі.

Біртіндеп сатып алу құқығымен берілетін жалдамалы пәтерлерді сатып алуға Астана қаласында коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар  есебінде тұрған және мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік ұйым қызметшілері, әскери қызметкерлер, ғарышкерлiкке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттiк орган қызметкерлерi және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратындар, халықтың әлеуметтік әлсіз тобына жататын азаматтар (Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген тұлғалар, 1-ші және 2-топтағы мүгедектер, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар, Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, оралмандар, экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар; көп балалы отбасылар, мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңiстiгiне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезiнде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары, толық емес отбасылар) сатып алуына болады.

«Самұрық-Қазына» ждылжымайтын мүлік қоры» АҚ 2014 жылға біртіндеп сатып алу жолмен жалға беру үшін салған пәтерлер:

1

Біртіндеп сатып алу құқығымен тұрғын үй жалға 15 жыл мерзімге дейін берілетін болады, бұл ретте жалға  алудың  ең минималды  мерзімі – 3 жыл  (үш жыл өткен соң жалға алушы  пәтерді мезгілінен бұрын сатып алуға құқығы бар).

Құжаттарын тапсырар алдында өтініш беруші өз бетімен Қордың www.fnsk.kz. сайтында төлемқабілеттілігін алдын ала тексеріп көруіне болады.

2)Өз қаржысы есебінен, тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісі, екінші деңгейлі банктерден кредит ресімдеу арқылы тікелей сатып алу.

Өз иелегіне қолма-қол сатып алу үшін 509 пәтер бөлініп отыр, оның ішінде:

304-і екі бөлмелі;

205-сі  үш бөлмелі.

Аталған бағыт бойынша тұрғын үйді тек қана Астана қаласында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік ұйым қызметкерлері, ғарышкерлікке үміткерлер, ғарышкерлер, арнайы мемлекеттік орган қызметкерлері және мемлекеттік сайланбалы лауазымдағы тұлғалар сатып алуына болады.

Бір шаршы метрдің құны – 180 мың теңге.

«Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ салған және 2014 жылға өз қаражаты есебінен, тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісі, екінші деңгейлі банктерден кредит рәсімдеу арқылы қолма-қол сатып алуға арналған пәтерлер:

2

Бағдарлама қатысушыларына қойылатын негізгі талаптар:

Астана қаласында коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар  есебінде тұру және «Тұрғын үй қатынастары туралы»  ҚР Заңында көрсетілген тұлғалар санатында болу;

Өтініш беруші мен оның отбасы мүше­лері­нің меншік құқығында Қазақстан Республикасы аумағында тұрғын үйдің болмауы;

Тұрғын үй жағдайларын қасақана на­шар­лату фактілерінің болмауы, яғни, Қазақстан Республикасы аумағында соңғы бес жылдың ішінде өтініш берушінің, сондай-ақ, оның отбасы мүшелерінің меншік құқығында тиесілі тұрғын үйді иеліктен шығару фактісінің орын алмауы;

Өтініш беруші мен оның барлық отбасы мүше­лерінің тұрғылықты жері бойынша Астана қаласында тіркеуде болуы;

Біртіндеп сатып алу құқығымен берілетін жалдамалы үй ақысын төлеуге қабілеттігі немесе тұрғын үйді өз қаражаты есебінен немесе қарыздану арқылы сатып алуға дайындығы.

Тұрғын үй беру рәсімінің айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында барлық қатысушылар тізімі тіркеуге тұрған күні көрсетіле отырып, Астана қаласы әкімдігінің www.astana.kz. және Астана қаласы Тұрғын үй басқармасының uzh.astana.kz ресми сайттарына орналастырылады, кейіннен іріктеуден өткен (үміткерлер) азаматтар тізімі БАҚ-та интернет ресурстарда (astana.kz, uzh.astana.kz)  жарияланады.

 

Бағдарламаға қатысу үшін қажетті  құжаттар тізімі:

1) Бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат (нотариалды расталған көшірмесі);

2) неке (некені бұзу) туралы құжат, жұбайының/зайыбының қайтыс болуы, балаларының туу туралы куәліктері (нотариалды расталған көшірмесі);

3) Бағдарламаға қатысушының және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында жылжы­майтын мүлкінің болуы немесе болмауы туралы анықтама (ХҚО-дан  алынады);

 4) Бағдарлама қатысушыларында тұрғын үйге үлесі болған жағдайда тұрғын үйге меншік құқығын растайтын құжат, техникалық жоспары  (нотариалды расталған көшірмесі);

5) Бағдарламаға қатысушының және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің Астана қаласында тұратынын растайтын мекенжай анықтамасы;

6) өтініш берушінің жеңілдігін растайтын нотариалды расталған құжаттар көшірмесі (Чернобыль атом электр стансасындағы апаттың салдарын жоюға қатысушы куәлігі, Ауғанстан Демо­кра­тиялық Республикасындағы әскери ұрысқи­мылдарға қатысушы куәлігі, оралман куәлігі, зейнетақы кітапшасы, көп балалы ана кітапшасы, 1 және 2 топтағы мүгедектілігі бойынша ДКК анық­тамасы, әкелігін анықтау туралы куәлік немесе толық емес отбасылар үшін №4 анықтама, ата-анасының қайтыс болғандығы жөніндегі куәлік, соттың ата-ана құқығынан айыру туралы шешімі, қорғаншыны тағайындау туралы қаулы немесе ана-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім-балалар  үшін балалар үйінен анықтама);

7) жұмыс орнынан анықтама және мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік ұйым қызметкерлері, әскери қызметшілер үшін кадрлар қызметімен  куәл­анды­рылған еңбек кітапшасының көшірмесі;

8) Астана қаласы бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде кезекте тұрушының анықтамасы (аталған анықтаманы Астана қаласының Тұрғын үй басқармасынан немесе Астана қаласы әкімдігінің интернет-сайтынан www. e.astana.kz шығарып алуға болады);

9) егер өтініш беруші тұрғын үйді тікелей сатып алуға тілек білдірген жағдайда, тұрғын үйді өз қаражаты есебінен сатып алуға дайындығы туралы өтініш ұсынуы қажет.

10) құжат тігілетін папка.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button