Sport

25-31 шілдеде Астанада ҚР Президенті Кубогы үшін турнир өтеді

9906531

Биылғы жарыстың жүлде қоры-125 мың АҚШ доллары.

Биыл 18-ші рет ұйымдас­ты­рылып отырған байрақты бәсекеде АТР және ІТF се­риялары аясында сынға түсіп жүрген бірнеше үздік спортшылар қатысады. Қазақ­стан Президенті кубогы үшін өтетін халықаралық турнирдің танымдылығы жыл сайын артып келе жатқаны байқалады. Осы жарысқа қатысушылардың қатары көбейіп келеді. Өткен жылы айтулы турнирге әлемнің 30 елінен теннисшілер қатысқан болатын.
Биылғы турнирдің жүлде қоры 125 мың АҚШ доллары болып отыр.
Қазақстан намысын ерлер арасындағы сайыста Тимур Хабибулин, Роман Хасанов, Болат Мамыр, Дмитрий Попко қорғаса, әйелдер бәсекесінде Кәмила Керімбаева, Гозаль Айнитдинова және Жібек Құланбаева қорғайтын болады.
Турнир барысында тек қана кәсіпқой теннисшілер өнер көрсетіп қоймай, балалар мен әуесқойлар арасында да ойындар өткізу жоспарланып отыр.
Турнир жарыстары 25-31 шілде күндері сағат 11.00-де басталады. Жанкүйерлер үшін кіру – тегін.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button