25 кәсіпорыннан заңсыз қойылған шектеулерді алып тастады

Елорда прокуратурасы бақылаушы органның бизнеске заңсыз шектеулер салуына байланысты бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Ағымдағы жылы орган қадағалау органының келісімінсіз 25 кәсіпорынның қызметін тоқтатқан, бұл заң бұзушылық болып табылады.
Кәсіпкерлік Кодекстегі жаңа түзетулер мемлекеттік органдарды кәсіпкерлерге қатысты тыйым салу-шектеу шараларын қолдану туралы прокурорды хабардар етуге міндеттейді.
Прокурорлық қадағалаудың бұл құралы а.ж. 20 қаңтарынан бастап қолданылады және бизнеске шектеулер қоюдың заңдылығы мен негізділігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Прокуратураның қадағалау актісі негізінде заңсыз тәжірибе тоқтатылды, заңға қайшы шектеу шаралары алынып тасталып, бақылаушы органның екі лауазымды тұлғасы жауапқа тартылды.
Кәсіпкерлердің өтініштеріне жедел ден қою үшін елордалық прокуратурада фронт-офис жұмыс істейді: 8-7172-71-24-67.