Жаңалықтар

250 аула мен кеңістік абаттанады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов апта сайын қалыптасқан дәстүрмен (былтыр 1,5 мыңға жуық тұрғын) тұрғындарды қабылдады. Қабылдау кезегінде тұрған 11 отбасының өкілдері, негізінен, аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыруға қатысты сауалдарын қойып, жауап алды.

[smartslider3 slider=2046]

«Биыл аулаларымызды ауқымды түрде өзгертіп, тұрғындардың бос уақытын таза ауада өткізуі үшін жаңа орындар ашамыз. Жалпы «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» жоспары аясында биыл 250-ге жуық аула мен қоғамдық кеңістікті абаттандыруды жоспарлап отырмыз. Қалалық мәслихатта қаржыландыру жоспары бекітілді. Дегенмен қала тұрғындарының өтініші бойынша биыл және алдағы жылдары абаттандырылатын мекенжайлар тізімі енгізіледі» деді Алтай Көлгінов.

Қала әкімі «Халықтың бюджетке қатысуы» жобасы қаланың барлық аудандарында енгізілгенін атап айтты.

«Бұл жоба қала тұрғындарына өз ауласының сырт-келбетін өзгертуге мүмкіндік береді: футбол және баскетбол алаңдары, демалуға арналған орындар болуы, воркаут аумақтары және т. б. Аудандық әкімдіктермен және урбанистика орталығымен бірлесіп, биыл қала тұрғындарымен 200-ден астам кездесу өткізілді, онда тұрғындар алдағы уақытта салынатын аулалар мен қоғамдық кеңістіктер тұжырымдамасын талқылады» деп түсіндірді қала басшысы.

Алтай Көлгіновтің айтуынша, «Агроқалашық», «Көктал», «Теміржолшылар», «Интернациональный», «Өндіріс», «Кирпичный», «Оңтүстік-Шығыс», «Үркер» елді мекендерінде көрікті орындар ашылады.

«Әдеттегідей, негізгі басымдықты қаланың оң жақ бөлігіне аударамыз. Бір кездері қараусыз қалып, соның салдарынан қала тұрғындарына ыңғайсыздық тудырған учаскелерде жаңа жайлы орындар салынады. Сондай-ақ адам көп жүретін учаскелерді ыңғайлы етуді әрі қарай да жалғастырамыз, оларды бір-бірімен жалғастырып, серуендеуге арналған променадтар ашамыз» деді ол.

Әкімнің пайымдауынша, үйлер мен кеңселердің терезесінен аулалардың сүреңсіз келбеті емес, көрікті, жайлы, тартымды орындар көрініс табуы керек. Аулалар мен қоғамдық кеңістіктер көпфункционалды түрде, яғни тұрғындардың спорттық қызығушылықтары мен жас ерекшеліктеріне қарай абаттандырылады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button