Елорда тынысы

250 мың адамның тұрмысы жақсарады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы Қанат Шарлапаевты қабылдады. Президентке холдингтің биылғы бірінші жартыжылдықтағы қызметінің қорытындылары мен агроөнеркәсіптік кешенді қолдау, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалды.

[smartslider3 slider=3751]

Президентке берілген мәліметтерге сәйкес, ірі бизнесті қаржыландыруға 143 миллиард теңге, шағын және орта бизнеске 510 миллиард теңге, агроөнеркәсіп кешеніне 241,3 миллиард теңге жұмсалған. Холдингтің қол­дауымен жеке құрылыс салушылар жалпы ауданы 759 мың шаршы метр үйді пайдалануға берді. Жергілікті атқарушы органдардың облигацияларын сатып алу арқылы ауданы 56 мың шаршы метр тұрғын үй салынып, қолданысқа берілді. Бұл ретте 39 мың отбасы, соның ішінде 7,2 мың кезекте тұрған азаматтар жеңілдігі бар ипотекамен тұрғын үй сатып алды.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында холдинг «Жасыл-Даму» АҚ қаражаты есебінен отандық ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдетілген лизингі бағдарламасына қатысуға өтініш қабылдай бастады. Жеке тұрғын үй қорының жалдау ақысын субсидиялау тетігі енгізілді. Одан бөлек, Қанат Шарлапаев ұсынған ақпаратқа сәйкес, 2022 жылы холдингтің қолдау көрсетуімен 2 миллион шаршы метр тұрғын үй немесе 29,6 мың пәтер пайдалануға беріледі. Жалпы аталған шаралар 250 мың адамның тұрмыс жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Кездесу соңында Қасым-­Жомарт Тоқаев Қанат Шарлапаевқа бизнесті дамытуды жақсарту және әлеуметтік тұрғын үй саясатын жетілдіру бағытында бірқатар нақты тапсырма берді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button