Жаңалықтар

250 жуық жетім бала арт-терапиядан өтті

«Астана Арена» стадионының алдындағы алаңда «В ритме дружбы» қайырымдылық шарасы өтті. Психологтар мен арт-терапевттер балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнап коммуникативтік дағдыларды дамытуға және өз-өзіне деген сенімді арттыруға бағытталған түрлі ойындар ұйымдастырды.

03

Акция бағдарламасы тәжірибелі мамандармен әзірленді, арт-терапияның түрлі әдістері балалардың шығармашылық әлеуетін ашуға, ойлау қабілеттілігі мен қажетті әлеуметтік машықтарын дамытуға мүмкіндік берді.

– Акция осындай ауқымда алғаш рет өткізіліп отыр, сондай-ақ, ойын, іс-қимыл және елес-қиял арқылы қарым-қатынас құруға бағытталған. Бұл шара балаларды әлеуметтік бейімдеуге және өз бетінше өмір сүруге дайындауға арналған, – дейді Best for Kids қоғамдық қорының президенті Сая Кәкім.

Айта кетейік, шараға астаналықтар ғана емес, сонымен қатар Ақмола облысының да балалары қатысты.

astana.gov.kz

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button