Елорда тынысы

2,6 мың жол жұмысшысы қар күреуге шықты

Бас қалада бірнеше күннен бері толассыз қар жауып тұр. Қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы тоқтаусыз жұмыс істеуде. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты ақпарат таратты.

23 желтоқсанда күндізгі ауысымға 1600-ден астам арнайы техника мен 2,6 мыңнан астам коммуналдық қызметкер қар күреуге шықты. 23 желтоқсанда түнгі ауысымға қар күреу жұмысына 366 жол жұмысшысы мен 1509 арнайы техника жұмылдырылды. Астанадан түнде 4000-ға жуық ауыр жүк рейсі немесе 54390 текше метр қар шығарылды.

Қыс мезгілінің басынан бастап полигондарға 108993 рейс арқылы 1,38 млн текше метрден астам қар шығарылды. Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және тағы басқа жерлер тазартылады. Орталық көшелерді, жолау­шылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуар­ларда тазалау да басымдыққа ие.

«Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар өздігінен жүк аударатын техниканың нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған. Елорда тұрғындары мен қонақтарына жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз. Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз» делінген әкімдіктің ресми ақпаратында.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button