Жаңалықтар

АПТА САПАРЫ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осы аптада Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барып қайтты.

Президент Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының кеңейтілген құрамдағы кеңесінің XII отырысына қатысып, сөз сөйледі.
ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаомен кеңейтілген құрамда кездесу өткізді.

Екіжақты келіссөздердің қорытындысы бойынша бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылды. Олардың қатарында Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының стратегиялық серіктестігін одан әрі дамыту туралы Бірлескен декларация және Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасындағы мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері және олардың жұмыс режимі туралы Келісім бар.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button