Жаңалықтар

27 шілдеде «Астана Арена» стадионына апаратын бірнеше жол уақытша жабылады

Сондай-ақ, жанкүйерлерді дер кезінде діттеген жеріне жеткізу үшін қаламыздың бес тұсынан арнаулы автобустар қатынайды.

6565656

27 шілдеде Чемпиондар Лигасының үшінші іріктеу турының шеңберінде «Астана» командасы «Астана Арена» стадионында шотландиялық «Селтик» командасын қабылдайды. Осыған байланысты стадионға барар жолдарда көлік қозғалысы шектеледі.

Сәрсенбі күні сағат 18:00-ден бастап Қабанбай батыр және Тұран даңғылдарының Керей мен Жәнібек хандар көшесінен Хусейн Бен Талал көшесіне дейінгі бөліктерінде уақытша жол жабылады. Матч аяқталғанша осы жолдармен жүретін көліктерге Орынбор көшесімен айналып өткен жөн.

Астана қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметі дәл осы уақыт аралығында көпшіліктің қауіпсіздігі үшін жүргізушілерден жеке көліктерімен жүрмеуін сұрайды. Әуежай аумағына қарай бағыт алушылар жолын алдын ала ойластырып алғаны дұрыс.

Сондай-ақ, жанкүйерлерді дер кезінде діттеген жеріне жеткізу үшін қаламыздың бес тұсынан арнаулы автобустар қатынайды. Автобустар «Қазақстан» спорт кешенінің (Қажымұқан көшесі), «Әзірет Сұлтан» (Қошқарбаев көшесі) мен «Нұр Астана» мешіттерінің (шығыс жағындағы автотұрақ) және Астаналық цирк (Қорғалжын тас жолы) пен Қ.Мұңайтпасов (Кеңесары көшесі) атындағы стадионның маңайына жиналады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button