Жаңалықтар

28 мың жұмыс орны ашылады

Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жүсіпов ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған басқа да жұмыстар туралы мәлімет берді.

[smartslider3 slider=3542]

Жалпы елордада осы жылдың 1 шілдесіндегі мәліметтерге сәйкес, 5584 адам жұмыспен қамтылды. Жұмыспен қамтылғандардың жартысынан астамы, атап айтқанда, тұрақты жұмыс орындарына 2804 адам орналасты, оның 1120-сы – жастар. Тағы 2046 адам қоғамдық жұмыстарға, 270-і – жастар практикасына, 128-і – әлеуметтік жұмыс орындарына, 39-ы – «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша, 10-ы «Күміс жас» жобасы бойынша жұмысқа орналасты. Жұмыс берушілердің сұранысы бо­йынша қысқа мерзімді курстардан 129 елорда тұрғыны өтіп жатыр, skills.enbek.kz порталы арқылы онлайн-оқыту 232 адамға арналды.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 5 адам мемлекеттік грантты жеңіп алды. Сонымен қатар қалада мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін арнайы жұмыс орындары ұйымдастырылды.

– Жыл соңына дейін 28000 жұмыс орнын, оның ішінде 17000-ы – тұрақты, 11000-ы – уақытша жұмыс орнын (Ұлттық жобаларды іске асыру аясында – 14180, жеке бастамалар аясында – 14098) құру жоспарланып отыр. 1 шілдедегі жағдай бойынша 12390 жұмыс орны құрылды. Enbek.kz порталында жұмыс істеп тұрған 7 мыңнан астам бос жұмыс орнын 1000-ға жуық жұмыс беруші жариялады, – деді Е.Жүсіпов.

Бүгінде Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2022 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша елордада жұмыссыздық деңгейі 4,6%-ды құрайды, бұл республикалық көрсеткіштен 0,3%-ға төмен (ҚР бойынша – 4,9%).

«Қазіргі таңда халықты жұмыспен қамту орталығында тіркелген жұмыссыздар саны 4873 адамды құрайды, оның ішінде жастар саны – 1249. Сол сияқты 2 мыңнан астам адам (2147) жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдерді алушылар болып саналады және 2247 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысады. Жұмыс іздеп жүрген тағы 479 адам бар» деді басқарма басшысының орынбасары.

Ерлан Жүсіпов елордалық жастарды, нақтырақ айтқанда, елорданың жоғары оқу орындары мен колледждерінің түлектерін «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» жобаларына белсенді қатысуға шақырды. Айтуынша, бұл – тәжірибе жинауға, ресми еңбек өтілін алуға және өзінің бәсекеге қабілеттілігін дәлелдеуге тамаша мүмкіндік. Осыған дейінгі тәжірибе көрсеткеніндей, аталмыш жобаларға қатысқаннан кейін өз қабілетін көрсеткен жастардың көпшілігі тұрақты орындарға жұмысқа орналасады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button