Әлеумет

292 млрд теңге жәрдемақы төленді

Қазақстандықтарға жыл басынан бері мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы түрінде 292 млрд теңгеден астам қаражат төленді.

[smartslider3 slider=302]

2021 жылғы қаңтар-қыркүйек айлары аралығында республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 232,4 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 59,8 млрд теңге бағытталды.
Биыл қыркүйек айында республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 25,7 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 5,5 млрд теңге жұмсалды.
Осы жылы 1 қазандағы жағдай бойынша мүгедектігіне байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 528,1 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 134,3 мың адамды құрайды.
Мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бо­йынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне, қайтыс болған (қаза тапқан) асыраушының асырауындағы адамдар санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңында белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады.
1 қазандағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 48743 теңгені, асыраушыдан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 40995 теңгені құрады.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button