Жаңалықтар

30 күндік ораза басталды

Нұр-Сұлтан қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы арнаулы брифинг өткізіп, қасиетті Рамазан айының құрметіне орай бас қалада өтетін іс-шара­лармен таныстырды.

[smartslider3 slider=2564]

Басқарма басшысы Нұрдәулет Әлмұхановтың айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласында Қазақ­стан мұсылмандары діни басқармасының фи­лиалы болатын 12 мешіт жұмыс істейді. Сондай-ақ Рамазан айы күндері діни өзекті мәселелер бойынша туындаған сұрақтарға тәулік бойы «109» call-орталық арқылы ақпарат алуға болады.

Биыл Рамазан айы 2 сәуір мен 1 мамыр аралығында өтеді: 30 күн. Ораза айт намазы 2 мамыр күні оқылады. 27 сәуірден 28 сәуірге қараған түн – қасиетті «Қадір түні» деп белгіленді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button