Ел тынысы

3300 әлеуметтік пәтер салынбақ

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында әлеуметтік пәтер саны туралы мәлім етті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

«Биыл кезекте тұрғандарға 3 мың 300 әлеуметтік пәтер салуды және тапсыруды жоспарлап отырмыз. Олар халықтың әлеуметтік осал тобына үлестіріледі. Қаланы аралау барысында бірқатар жеңілдетілген әлеуметтік тұрғын үй құрылысының барысымен таныстым. Аумақты абаттандыруға назар аудара отырып, құрылысты сапалы жүргізуді тапсырдым.

Қала тұрғындарының тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін өзге де мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруды жалғастырамыз, мәселен «Елорда жастары» жастарға арналған арнайы тұрғын үй бағдарламасы, жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін баспана. Сонымен қатар, тұрғын үй сертификатының сомасы 1 млн теңгеден 1,5 млн теңгеге дейін ұлғайды, тұрғын үй компаниясының (Қазақстандық тұрғын үй компаниясы) қатысушыларының санаты кеңейді және т.б.

Сол сияқты апатты жағдайдағы тозығы жеткен тұрғын үйлерді бұзуды жалғастырамыз, құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аяқтаймыз, тұрғын үй кешендерін жөндейміз және т.б.», – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Осы жылдың 30 наурызындағы жағдай бойынша елордада әлеуметтік тұрғын үй алуға кезекте 40 878 азамат тұр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санаттары бойынша кезекте тұр;

– «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар;

– халықтың әлеуметтік осал топтары;

– мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер;

– Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған азаматтар.

2024 жылы елорданың тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы 3 382 пәтер, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтары мен көпбалалы отбасылар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы; жұмыс істейтін жастар үшін кредиттік тұрғын үй; сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй; «Елорда жастары» өңірлік бағдарламасы шеңберінде беруді жоспарлап отыр.

Бүгінгі таңда аталған пәтерлердің 1 342-сі бөлінді. Естеріңізге сала кетейік, елордада ескі тұрғын үйлерді жаңарту бағдарламасы аясында апатты үйлерді бұзу және елорда тұрғындарын жаңа тұрғын үйге көшіру қарастырылған. 2024 жылы 60 апатты үйдің тұрғындары 1400 пәтерге көшіріледі, яғни елорданың 4200-ге жуық тұрғыны жаңа тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button